» » Шаруа қожалық басшыларымен кездесу өткізді

Шаруа қожалық басшыларымен кездесу өткізді


Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен департамент басшысы   Қожахметов Қанат Оспанұлы, облыстық мәслихаттың хатшысы  Байқадамов Наурызбай Сейітқалиұлы, Қызылорда облысының ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Дүйсебаев Талғат Тұрсынұлы, Қызылордаоблысыкәсіпкерлерпалатасы директорыныңэкономикалықмәселелеріжөніндегіорынбасарыСыздықовПірмұхаммедАйтбайұлыАрал, Қазалы және Қармақшы аудандарына арнайы іс-сапармен барып аудандардағы бірқатаркәсіпорындардың жұмыс барысымен танысып, шаруа қожалық басшыларымен кездесу өткізді.
Аудандардағы іс-сапардың негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлердің қазіргі таңдағы жағдайларымен танысу, ауыл шаруашылығы өндірушілерін субсидиялау бойынша проблемалық мәселелерін анықтау және Агенттіктің кәсіпкерлер тап болатын барлық процестерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу арқылы бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік органдарға сенімін арттыруға бағытталған «Protecting business and investments» (бұдан әрі – PBI) жобасы жайлы ақпараттандыру.
Кездесулер барысында кәсіпкерлерді департамент басшысы Қанат Оспанұлы Агенттіңтің бастамасымен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және қоғам өкілдерінің қатысуымен  ауыл шаруашылығы өндірушілерін субсидиялау саласына кешенді сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау басталғаны туралы ақпараттандырды.
Мұндағы басты мақсат – субсидияларды алу үшін өтінімдерді тапсыру сәтінен бастап, оны берудің ашық әрі әділ жүйесін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық пен бюрократия деңгейін төмендету, бизнес жүргізуге кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жою болып табылады.
Өз кезегінде шаруа қожалық басшылары ауданда болып жатқан жағдаймен ашық бөлісіп, субсидия алу кезінде бірқатар қиыншылықтар бар екенін хабарлап және аудандағы кәсіпкерлікті дамыту мақсатында бірқатар пікірлерайтты.
Шара барысында - сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралдарының күшейтілгенін, ол үшін бірқатар маңызды заңнамалық шаралар қабылданғанын атап өтілді.
Сонымен қатар, департамент басшысы аудан әкімінің қатысуымен әкімдіктерде қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдау барысында азаматтардан түскен сауалдар мен ұсыныстар бойынша тиісті ақпараттар беріліп, құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
30 маусым 2021 ж. 500 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031