» » Басты мақсат – кәсіпкерлікті қолдау мен ауыл шаруашылығын дамыту

Басты мақсат – кәсіпкерлікті қолдау мен ауыл шаруашылығын дамыту

Аудан әкімінің орынбасары Ж.Ерқосаевтың бастамасымен жұмысшы топтың құрамы Ақжар, Ақтөбе, ІІІ Интернационал, Жаңажол ауылдық округтерінде жалғасты.

Кездесудің мақсаты ауылдық елді мекендерде орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау мен ауыл шаруашылығы саласын дамыту болып табылады.

Тұрғындармен кездесуді аудан әкімінің орынбасары Ж.Ерқосаев жүргізіп отырды.

Кездесу барысында аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Е.Әбдікеров, «Жұмыспен қамту орталығының» директоры О.Мұнарбаев, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қармақшы ауданындағы филиалының директорыА. Өтегенов және қаржы ұйымдарынан «Қорқыт Елі» несие серіктестігінің менеджері Е.Көбесов, Қызылорда қаласынан арнайы келген «Өңірлік қаржылай қолдау орталығы» несие бөлімінің бас сарапшысы Д.Анасбаев шағын кәсіпкерлік саласын қолдау бағытында тұрғындарға жеңілдетілген несие шарттарын және қайтарымсыз грант түрлерін түсіндірді.

Сонымен қатар кездесуде аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы О.Бодыбаев ауыл шаруашылығы жерлері мен жайылымдық жерлерді рәсімдеу жайлы, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ә.Омаров, көкөніс бау-бақша дақылдарын орналастырудың тиімділігі туралы тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары
Ж.Ерқосаев әрбір сала бойынша ұсыныстар жинақталатынын жеткізіп, тұрғындардың сауалдарын тиісті сала басшыларына заң аясында қарастыруды тапсырды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

04 наурыз 2021 ж. 850 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 986
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031