» » Қармақшы ауданында "Заң керуені" акциясы өтті

Қармақшы ауданында "Заң керуені" акциясы өтті

qarmaqshy-tany.kz  Облыстық прокуратураның бастамасымен өңірдегі барлық елді мекендерді қамтыған «Заң керуені» акциясы өткізілді.

Акцияның мақсаты – жергілікті жерлерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту үшін азаматтық қоғам мен құқық қорғау, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың күш-жігерін біріктіру.

Осыған орай, арнайы құрылған топта: Қызылорда облысы әкімінің орынбасары М.Жайымбетов, облыс прокурорының орынбасары Б.Мырзабаев, ҰҚКД бастығының орынбасары С.Түменбаев, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Д.Ибраев және облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың басшылары болды.

Арнайы топпен өткізілген қоғамдық қабылдауға келген тұлғалар көкейіндегі сауалдарын қойып, оларға жауаптар берілді және қорытындысымен хаттама жасақталып, тиісті жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктелді.

Бұдан бөлек, аталған органдар мен ұйымдардың өкілдерінен құрылған жұмысшы топтар әрбір елді мекендрдее болып, тұрмыс-тіршілігімен танысып, жергілікті тұрғындармен кездесіп, сауалдарына жауап беріп, құқықтық көмектер көрсетті.
16 қазан 2022 ж. 819 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 118
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 703

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031