» » Пробациялық бақылаудағылармен кездесу өткізілді

Пробациялық бақылаудағылармен кездесу өткізілді


Аудандық прокуратураның бастамасымен қадағалау аумағындағы пробация бақылауына алынған тұлғалармен кездесу өткізілді.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары, полиция, пробация қызметі, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың өкілдері мен сот орындаушысы қатысты.
Шара барысында есептегі тұлғаларға құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, оларға әлеуметтік көмектер көрсету, қайтарымсыз гранттар рәсімдеу, жұмысқа орналастыру мәселесі кеңінен талқыланды.
Ағымдағы жылы пробация бақылауындағыларды жұмыспен қамту үшін жергілікті атқарушы органдармен белгіленген квотаны толық орындау қамтамасыз етілуде.
Сонымен қатар қайта қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында оның салдары туралы толық түсіндірулер жүргізілді.
Еркін форматта өткен кездесуде тұлғалардың сұрақтарына жауап беріліп, пікір алмасып, саладағы мәселелер жан жақты талқыланды.
Мәжіліс қортындысымен тиісті уәкілетті органдарға нақты шаралар белгілеп, бірлескен тәртіпте тиімді жұмыстар атқару тапсырылды.

Қармақшы аудандық прокуратурасы

01 сәуір 2022 ж. 609 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 802
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 090

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930