«Әділет кеңес береді» Республикалық акциясы
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының мәжіліс залында «Әділет кеңес береді» атты Республикалық акциясы өтті.
Акцияны ашқан «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов акцияның басты мақсаты тұрғындарға кәсіби заңгерлік көмек көрсету үшін және де құқықтық нормалар мен қолданыстағы заңдарға сондай-ақ оларға енгізілген өзгерістер мен түзетулер туралы ақпараттар беріп, азаматтардың заң және құқық бойынша түсінтерін қалыптастыру мен жеке жауапкершіліктерін сезіндіру мақсатында партия тарапынан диалогтық алаң ұсыну екендігін жеткізді.
Акцияның негізгі міндеттері болып тұрғындарға құқықтық көмек көрсету мен құқықтық білімін арттыру бойынша партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысын жандандыру, спасаы мен тиімділігін арттыру, азаматтардың заңды құқықтарын пайдалану мен қорғау бойынша кәсіби мамандардың кеңестері мен көмегін алуға мүмкіндік жасау болып табылады.
Мемлекет басшысы, Партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары мен Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі ережелері және «Ұлт жоспары - бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы» мен «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық.Жасампаздық.» сайлауалды тұғырнамасын және 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асыруда қоғамдық қабылдау бөлмелері әділет органдары мен адвокатура және нотариалдық палаталармен бірлесіп «Әділет кеңес береді» акциясы аясында бір қатар іс-шаралар ұйымдастырады.
Аталған іс-шара барысында барлық тұрғындарға, азаматтар мен заңды тұлғаларға арнайы құқықтық көмектер, сонымен бірге қолданыстағы заңнамалар аясында кеңестер мен түсініктемелер берілді.