» » Саналы ұрпақ – ел болашағы

Саналы ұрпақ – ел болашағы


Аудандағы Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінде «Саналы ұрпақ – ел болашағы» атты аудандық форум өтті. Іс-шараға аудан әкімі Жандос Еркінбек, аудан прокуроры Мейрамбек Маханбетжанов, қоғам белсенділері мен жастар қатысты.
Форумның ашылуында аудан басшысы сөз сөйлеп, құқықбұзушылықтың алдын алу, халықтың құқықтық сауатын арттыру және құқық қорғау органдары мен қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аудандағы қылмыс деңгейінің төмендегенін атап өтті.
– «Тәрбиелі адам – тағалы атпен тең» деген халқымыздың дана сөзі бар. Тәртіп пен заң үстемдік еткен қоғамда ғана тұрақтылық пен өркендеу болады. Президентіміз де әрбір заңға бағынып, адал еңбек еткен азаматтың құрметке лайық екенін айтқан болатын. Сондықтан жастарымызды саналы ұрпақ ретінде қалыптастыру, олардың бойына отансүйгіштік пен жауапкершілік ұғымдарын сіңіру – біздің басты міндетіміз, – деді аудан әкімі.
Форум барысында аудан прокурорының орынбасары Зураб Гичиев құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, құқықтық мәдениетті арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжауһар Раева сөз алып, өскелең ұрпақтың саналы әрі сапалы білім алуына, елге адал қызмет етуіне ерекше мән беру керектігін айтты.
Форумның арнайы қонағы, «Қазақстан барысы – 2022» турнирінің жеңімпазы, жерлесіміз Мақсат Исағабылов өз тәжірибесімен бөлісіп, жастарды спортпен шұғылдануға, зиянды әрекеттерден бойын аулақ ұстауға шақырды.
Жиын соңында аудан әкімі мен аудан прокуроры құқықбұзушылықтың алдын алу шараларына белсенді атсалысып жүрген азаматтарға алғыс хат табыстап, олардың еңбегін ерекше атап өтті.
Форум жастарға тағылымы мол ой салып, олардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға бағытталған маңызды жиын болды.




26 ақпан 2025 ж. 211 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 620
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031