» » Бала қауіпсіздігі – бәрінен маңызды

Бала қауіпсіздігі – бәрінен маңызды


Аудандық мәдениет үйінде аудан әкімдігі мен аудандық прокуратураның бірлесіп ұйымдастыруымен жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында маңызды кездесу өтті. Кездесуге аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы төрағалық етті.

Кездесуге құқық қорғау органдарының басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ата-аналар, ардагерлер, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиын барысында аудан прокуроры М.Махамбетжанов, аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиева, аудандық полиция бөлімінің бастығы Қ.Әліп аудандағы қоғамдық ахуал және кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған профилактикалық жұмыстар туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар, ата-аналар тарапынан бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар айтылып, талқыланды.

Жиын соңында аудан басшысы жұмыстағы кемшіліктерге жол берген сала қызметкерлеріне қатаң ескертулер жасап, сын айтты.

Сонымен қатар, құқықбұзушылықтың негізгі себептерінің бірі – жастардың бос уақыттарының көптігі, жол ережесін білмейтін балалардың мопед айдайтыны, жастардың құмар ойындарға тәуелділігі, вейп сынды зиянды заттарды пайдалануы және басқа да өзекті мәселелерді қозғап, осылардың алдын алу бойынша тұрғындарға үндеу жариялап, ауызбіршілік танытуды сұрады.

Сондай-ақ, бала қауіпсіздігіне тек мұғалімдер мен әкімшілік немесе полиция ғана емес, бүкіл қоғам болып жауапты екенін айтып, ауызбіршілікпен жұмыс істеуге шақырды.

16 қазан 2024 ж. 234 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10375)

28 қаңтар 2025 ж.

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 345
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031