» » Ұстаз ұлағатты есім

Ұстаз ұлағатты есім

Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінде «Ұстаз деген –ұлылардың ұлысы, қасиетіңе бас иелік мәңгілік» тақырыбында Ұстаздар күніне орай мерекелік концерт өтті. Іс-шарада аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов білім саласында аянбай еңбек етіп жүрген барша ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады.
«Ұстаз – ұлы ұғым, ұлағатты есім. Халқымызда «Ұрпақ болашағы – ұстаздардың қолында» деген тағылымы мол сөз бар. Яғни, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беретін мұғалімдер – мектептің жаны, руханияттың шамшырағы, білім мен ғылымның жанашыры. Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын және дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін» деді ол.
Салтанатты іс-шарада аудан басшысы Әділбек Бөрібайұлы өңір бойынша білім саласында атқарылып жатқан игі істер мен жетістіктерді атап өтіп, бұл оңды көрсеткіштер бала өмірінің бағбаны бола білген ұстаздарымыздың маңдай тері мен еткен еңбегінің нәтижесі екендігін айтты.
Сондай-ақ салтанатты шарада бірқатар ұстаз ҚР Оқу-ағарту министрінің құрмет грамотасымен, облыс, аудан әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталса, білім саласының ардагерлеріне ерекше ықыласпен сый-құрмет көрсетілді.
08 қазан 2022 ж. 859 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10501)

05 мамыр 2026 ж.

№32 (10500)

01 мамыр 2026 ж.

№31 (10499)

28 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 044
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 645

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031