» » Қадірлі ұстаздар! Құрметті білім беру саласының ардагерлері!

Қадірлі ұстаздар! Құрметті білім беру саласының ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен құттықтаймын! Ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Кемел келешегіміздің тұтқасын ұстар ұлағатты ұрпақ тәрбиелеуде сіздердің еңбектеріңіз орасан зор. «Алты алаштың баласы бас қосқанда, төр мұғалімдікі» деп ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік асыл қасиеттерді, тәлім-тәрбиені бойына дарытатын ұстаздар қауымы барлық алғыс пен құрметке қашанда лайық. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа арнаған биылғы Жолдауында: «Әділетті Қазақстанды құру ісінде мұғалімдердің рөлі айрықша екені сөзсіз. Мемлекетімізде соңғы жылдары ұстаз мамандығының абырой- беделін арттыру үшін көп жұмыс жасалды. Дегенмен, бұл бағытта әлі де біршама өзгерістер жасау қажет» дей келе, ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқаратын ұстаздар қауымына жасалар қамқорлық пен құрметті атап көрсетті. Құрметті ұстаздар! Сіздер рухани өресі биік, ұлттық құндылықтарды ұлықтай білетін, білім мен тәрбиеге сусындаған, тәуелсіз елге тірек болар жас ұрпақ тәрбиелеуші биік тұлғасыздар. Ұстаз деген ұлағатты есімді қастерлеп, білім-біліктеріңіз бен шеберліктеріңіздің арқасында еліміздің білім саласының дамуына өлшеусіз үлес қосып, талантты шәкірттер тәрбиелеп келесіздер. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбастарыңызға береке- бірлік, ұстаздық еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілеймін! Мерекелеріңіз құтты болсын!
Құрметпен,
Қармақшы ауданының әкімі
Әділбек ЕРСҰЛТАНОВ
01 қазан 2022 ж. 830 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10448)

21 қазан 2025 ж.

№79 (10447)

18 қазан 2025 ж.

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 699
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 439

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031