» » Ұстаз есімі ұлықталған білім бәйгесі

Ұстаз есімі ұлықталған білім бәйгесі

Ақжар ауылында саналы ғұмырын ұстаздық пен елдік іске арнаған арда азамат Сәден Нұртаев атындағы Қазақстан тарихы пәнінен республикалық олимпиада өтті. Биыл бесінші мәрте ұйымдастырылған дәстүрлі додаға Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан облыстарынан және Шымкент қаласынан 28 жас тарихшы өз білімдерін сарапқа салды.
Жас білімгерлер сайысының ашылу салтанатында аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов ұлағатты ұстаз Сәден Нұртаевтың өмірі мен еңбек жолы туралы сөз қозғап, олимпиада қатысушыларына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, іс-шарада «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалының директоры Бауыржан Елеусінов сөз алып, еліміздің болашағы білікті де білімді жастардың қолында екенін және жастарға артылар үміттің зор екендігін жеткізді.
Білім бәсекесінде дарынды оқушылардың білім деңгейі таразыланып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.
15 мамыр 2022 ж. 950 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 873
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 586

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930