» » Қызылорда облысында цифрлық форматтағы алғашқы олимпиада өтті

Қызылорда облысында цифрлық форматтағы алғашқы олимпиада өтті

Қызылорда облысында цифрлық форматтағы  алғашқы олимпиада өтті

Қармақшы ауданы, Ақжар ауылдық округіндегі №28 орта мектебінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Цифрлық Қазақстан» бөлімі аясында цифрналдыру технологиясы бойынша білім саласының ардагері Сәден Нұртаев атындағы Қазақстан тарихы пәнінен облыстық олимпиада тұңғыш рет өтті.
Бұған  «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының» акционерлік қоғамы филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастырылды.
Аталмыш олимпиаданың іріктеу кезеңі қалалық/аудандық білім беру ұйымдарында 9-10 сынып оқушылары арасында өткізілді. Облыстық кезеңге арнайы жолдама алған жас тарихшылар жаңа технологияны пайдаланып көрді.
Қатысушылардың бірі Исатай Келдібай:
«Менің ойымша бұндай жағдайда тест тапсыру өте тиімді. Барлық қатысушылар бір уақытта жауап беріп, нәтижесі бірден экран бетінде көрсетіліп, кімнің келесі кезеңге өткеніні сол мезетте білдік. Қатты қобалжыдым, себебі алғаш рет қолыма «пульт» ұстап сұрақтарға жауап бердім», – деді.
Облыстық олимпиада екі кезеңнен өтті. Бірінші кезең қатысушылар ACTIVote (ACTIVboard интерактивті тақтасының көмегімен сұрақардың жауабын алуға арналған құрылғы) құрылғысы арқылы тест сұрақтарына жауап береді. Екінші турда тестілеуден жоғары ұпай алған оқушылар деңгейлік тапсырмаларға жауап береді. Бұл кезеңде оқушылар сұраққа дұрыс жауап берген жағдайда ұпай есептеледі де жеңімпаз анықталады.
Ұйымдастыру комитеті аудандық кезеңнен өткен 30 оқушыға және жетекші мұғалімдерге арнайы сертификат пен қаржылай сыйақы тағайындады. Сонымен қатар облыстық олимпиаданың қорытынды кезеңі бойынша І, ІІ және ІІІ орын алған жеңімпаздарға дипломдар мен қаржылай сыйақымен марапатталды.
Айта кету керек, аталмыш олимпиаданы өткізуге қаржылай көмек көрсеткен облысқа белгілі қоғам қайраткері Рзақұл Нұртаев. Ол аталған мектепте Қазақстан тарихы кабинетін жабдықтап және мәжіліс залына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, игілікті істердің басынан табылып жүр.
15 мамыр 2018 ж. 1 311 1

JeaCold от 13 ақпан 2019 08:38
Bayer Levitra 20mg Indian Pharmacy Clomid cialis without a doctor's prescription Achat De Baclofene Sur Internet

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031