» » ЖАС КЕЛСЕ ІСКЕ

ЖАС КЕЛСЕ ІСКЕ

  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжінің ұйымдастыруымен Қызылорда облысындағы техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары арасында «Жас келсе, іске!» атты үздік жас мамандар сайысы өтті.  Сайыстың мақсаты – жас педагог мамандардың педагогикалық шеберліктерін шыңдау. Өзара тәжірибе алмасу және бірлесе отырып шығармашылық жұмыс жасауға бағыттау.
  Үздік жас мамандар сайысына Қазалы, Арал, Қармақшы аудандары мен Байқоңыр, Қызылорда қаласындағы іргелі 16 оқу орындарының 16 жас маман өзара бақ сынасты.
  Сайыстың әділ қазылар алқасы құрамында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы Ш.Бекенов, облыстық білім басқармасы, облыстық әдістемелік оқу орталығының әдіскері Ж.Бексейтова, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Б.Боранбай және университеттің доценті К.Қамзаева болды.
  Сайыс қорытындысы бойынша І орынды М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің жас маманы А.Нурманова, ІІ орынды Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің жас маманы А.Досболов, келесі жүлделі орынды Қызылорда медициналық жоғары колледжінің жас маманы Қ.Жукешев иеленді. Сонымен қатар «Ізденімпаз, зерттеуші-оқытушы», «Жаңашыл-ұстаз», «Белсенді-ұстаз», «Оқытушы-тәрбиеші», «Сегіз қырлы – бір сырлы ұстаз» номинациялар бойынша сайыскерлер марапатталды.

24 наурыз 2018 ж. 2 695 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 078
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 740

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031