Ұстаз - ұлы есім!
"Ұрпақ болашағы - ұстаздардың қолында" деген жылы сөздер расымен де ұлт пен ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар қауымына нақ айтылған. Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беретін ұстаздар-мектептің жаны, руханияттың шамшырағы іспетті! Осыдай ұлты ұлықтаған ұстаздар мереке қарсаңында, №121 орта мектебінің басшысы Жұмабаев Болат Мәлікұлы Тәуелсіз еліміздің әлеуетін көтеруде, жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісінде елеулі табыстары үшін "Ы.Алтынсарин" төсбелгісімен және саналы ғұмырын білім саласына өлшеусіз үлес қосқаны үшін, мектебіміздің ардагер ұстазы Жаханова Шакизада апайымызды мерейлі 75-жас қарсаңыда аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталса, «Алты алаштың баласы бас қосқанда, төр мұғалімдікі» деп ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік асыл қасиеттерді, тәлім-тәрбиені шәкірттер бойына сіңіре білген әріптесіміз Еленова Ақмарал аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Халқымызда «Ұрпақ болашағы – ұстаздардың қолында» деген тағылымы мол сөз бар. Яғни, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беретін мұғалімдер – мектептің жаны, руханияттың шамшырағы, білім мен ғылымның жанашыры. Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!