» » Ауыл әкімі ұстаздарға құрмет көрсетті

Ауыл әкімі ұстаздарға құрмет көрсетті

Бүгін  Қармақшы ауданы ІІІ Интернационал ауылдық округ әкімі Нұрлыбек Сайымов "Ұстаздар күні" мерекесіне орай шәкірт тәрбиелеу ісінде аянбай еңбек етіп келе жатқан ұстаздар қауымын қабылдап, құрмет көрсетті.
Мерекелік қабылдауда ауыл әкімі мәртебелі мамандық иелерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жауапкершілігі зор қызметте жарқын жетістіктер тіледі.
«Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын, тәлім-тәрбие беретін ұстазға құрмет көрсету – біздің міндетіміз. Мектеп – жас ұрпақ нәр алатын бастау болса, мұғалім – тәуелсіздікке тірек болар сол бастаудың басты тұлғасы» деп, ел ертеңі, болашақ ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастырудағы еңбектеріне жеміс тілеп, «Алғыс хат» табыстады.
03 қазан 2022 ж. 1 507 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 071
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 283

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031