» » «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ӘДІЛЕТТІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ТІРЕГІ

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ӘДІЛЕТТІ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ТІРЕГІ

Қазақ халқы қай заманда да заңға бас иген, дала заңын сақтаған халық. Заң – адамның құқықтары мен бостандықтарын әділ қамтамасыз етудің кепілі болып табылатын жүйе болса, ал тәртіп – азаматтардың мемлекетке деген сенімі мен олардың өзара жауапкершілігінің нәтижесі болмақ. Елімізде заң үстемдігі сақталған жағдайда ғана «Заң мен тәртіп» қағидаттары экономикалық тұрақтылық пен өркендеуге жол ашады.
Жақында аудан әкімдігінің мәжіліс залында осы қағидат аясында жиын өтті. Оған аудан әкімі Жандос Еркінбек пен Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары Исламбек Тынарбайұлы арнайы қатысты.
Жиында Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттер негізге алынып, қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды.
– Президентіміздің бастамасымен елімізде «Заң және тәртіп» қағидасын жүзеге асыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Бұл – Әділетті Қазақстан құру жолындағы басты ұстаным. Аудан көлемінде де осы бағыттағы түсіндіру және алдын алу шаралары тұрақты ұйымдастырылып келеді, – деді аудан басшысы.
Облыс прокурорының бірінші орынбасары Исламбек Тынарбайұлы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі өзекті мәселелерге тоқталды. Әсіресе, алаяқтық, құмар ойындарға тәуелділік (лудомания), интернет арқылы жасалатын құқық бұзушылықтар сынды фактілердің алдын алуда бірлескен жұмыс пен азаматтардың белсенділігі қажет екенін атап өтті.
Мұнан соң аудан прокуроры Мейрамбек Жаңбырбайұлы сөз сөйлеп, тұрғындар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейтудің маңызын атап өтіп, құқық қорғау органдары тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.
Аталған мәселелердің алдын алу мақсатында халық арасында кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізу бағытында бірқатар шаралар жоспарланып, нақты жобалар бекітілуде.
Ерсін АБЛАКИЕВ
24 тамыз 2025 ж. 340 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

№64 (10532)

24 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 199

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930