» » АЗАПТАУҒА ЖОЛ ЖОҚ

АЗАПТАУҒА ЖОЛ ЖОҚ

Қазақстан Республикасы Конституциясының 17-бабында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайтыны, ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға тыйым салынатыны айқындалған.
Мемлекет басшысы 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында біздің қоғамымызда заң мен тәртіп үстемдік құруға тиіс. Бұл – бүкіл қоғамның және әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ең басты талап. Біз сонда ғана Әділетті, Таза және Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз» деген болатын.
Азаптау – адамның конституциялық құқықтарының елеулі бұзылуына әкеп соқтыратын әрекет. Қылмыстық процесте адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау, азаптаулардың алдын алу және олардың профилактикасы прокурорлық қадағалаудың басым бағыттарының бірі. Осы талапты орындау мақсатында аудандық прокуратурамен белсенді шаралар атқарылып, аудандық полиция бөліміне жеткізілгендер туралы мәліметтер және полиция бөліміне қарасты ғимараттар мен бейнебақылау жүйелері үнемі тексерілуде. Сонымен қатар полиция ғимараттарында «соқыр аймақтарды» болдырмай, барлық жерді бейнекамералармен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.
Құрметті оқырман, аудан тұрғындары мен қонақтары құқық қорғау органдары қызметкерлері тарапынан Сізді қызметтік ғимараттарға заңсыз жеткізу, үш сағаттан артық ұстау немесе қинау, азаптау әрекеттері орын алған жағдайда кезекші прокурорға хабарласыңыз. Кезекші прокурордың сенім телефондары (8701- 282-12-44, 8777-561-02-26, 8701-112-83-11, 872437-2-19-31) тәулік бойы қоңырау қабылдайды. Прокурордың кезекшілік кестесі, байланыс нөмірлері және тұрғындарға қажетті басқа да ақпараттар аудандық полиция бөлімі ғимаратының 1-қабатында орналасқан.
Аудандық прокуратура
03 наурыз 2025 ж. 176 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 619
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930