» » Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа салғырт қарамау қажет

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа салғырт қарамау қажет


Ата Заңымыздың 17- бабында адамның қадыр қасиетіне қол сұғылмайтыны, ешкімді азаптауға, оған зорлық зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік пен адамның жеке басын қорлайтындай жәбір көрсетуге, не жазалауға болмайтынындығы көрсетілген. Алайда, елімізде соңғы уақытта күш-қайратының басымдығын пайдаланып, әйелі мен баласына зәбір көрсететіндер азаймай отыр.
Тіпті, БАҚ және әлеуметтік желі беттерінен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың соңы қайғылы жағдайға ұласқан оқиғаларды жиі көзіміз шалатын болды. Бұған қазақы тірбиемен сусындап өскен қазақ қыздарының отбасы берекесін ойлап, іштегі мәселені сыртқа шығаруға асықпайтынын қосыңыз. Мұның соны түптеп келгенде тұрмыстық-зорлық зомбылыққа алып келуде.
Бүгінгі қоғамның дертіне айналған тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі Мемлекет басшысын да бейжай қалдырмады. Атап айтсақ, Президент бір сөзінде азаматтардың бәріне тең мүмкіндік беретін қоғам құру, соның ішінде әйелдер мен балалар құқығын қорғау басты міндет екенін атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында әйелдер мен балаларға кешенді қолдау көсететін орталықтар жұмыс жасауда. Конституция, Қылмыстық кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс, Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралыт заң, Неке және отбасы туралы кодекс, және т.б нормативтік құқықтық актілер тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі құқықтық негізді құрайды.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларының қатарында әңгімелесу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау не қорғау нұсқамасы, әкімшілік ұстау, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы, құқық бұзушының мінез құлқына ерекше талаптар белгілеу, ата- ана құқығынан айыру не оны шектеу, сот үкімі бойынша қолданатын шаралар бар.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік жазалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы негізнде қолданылады. Аталған бап көпшілікке отбасы-тұрмыстық қатыныстар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер деген атпен таныс.
Дана халқымыз қашанда дүниеге келген баласын байлық, бақытқа теңеп, ұрпағым жалғысты деп қуанған. Ал әйелді, отбасымың ұйытқысы, алтын қазығы деп қастерлей білген. Сондықтан, отбасы – шағын мемлекет десек, түтіні түзу шығып, шаңырағы шайқалмауы үшін тыныштықты қамтамасыз етіп, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне бей-жай қарамауымыз қажет.
Қармақшы аудандық соты
10 қаңтар 2024 ж. 257 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 216

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 150

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 324

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930