» » Прокуратура туралы жаңа Заң конституциялық заң мәртебесіне ие болды

Прокуратура туралы жаңа Заң конституциялық заң мәртебесіне ие болды

qarmaqshy-tany.kz Бәріңізге белгілі ағымдағы жылдың 5-қарашасында Мемлекет Басшысы «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» Конституциялық Заңына қол қойды.
Жаңа Заңмен прокурорлардың құзыреті мен құқық қорғау функциялары айтарлықтай күшейтіліп, шешімдер қабылдаудың жауапкершілігі де арттырылып отыр. Енді осы Заңның новеллаларына тоқтасақ, Заңның 9-бабының 16) тармақшасымен Бас Прокурорға Конституциялық сотқа жүгіну құқықығы берілген.
Айта кететін жайт, "Конституциялық сот туралы" Заңға сәйкес Конституциялық сотқа жүгіну құқығы тек Бас Прокурор мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілге ғана берілген. Бұл жерде Бас Прокурор Конституциялық Сотқа нормативтік құқықтық актілер бойынша ресми түсініктеме беру үшін жүгінеді. Бұдан басқа Бас Прокурордың өтінішімен Конституция нормаларына қатысты ресми түсіндіруді талап етуге ұсыныстар енгізу мүмкіндігі бар. Заңның 10 бабының 27) тармақшасымен Прокурордың өкілеттігіне-қылмыстық жолмен алынған кірістерді шетелден қайтару, оның ішінде қылмыстық процестен тыс мемлекеттің мүддесін білдіру бойынша халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қызметті үйлестіру жұмысы қосылып отыр.
Заңның 3-тарауының 18 бабына сәйкес прокуратураға кәсіпкерлік субьектілерін тексеру құқығы беріліп, бірақ ол тексерулер Қазақстан Республикасы Президентінің, Бас Прокурордың тапсырмасымен және олардың келісімі бойынша ғана жүргізілетіні айқындалған.
Прокурорлық ден қою актілерінің қатарына « Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуына жол берілмейтіні туралы түсіндірме» актісі енгізілді (32- бап). Бұдан кейін прокурорлар құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында немесе дайындалып жатқан құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы мәліметтер болған кезде жеке тұлғаларға және заңды тұлғалардың өкілдеріне Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуға жол берілмейтіні туралы жазбаша немесе ауызша нысанда түсіндіреді және оларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылық туралы ескертеді (41-бап).
Бұрын прокурорлар екі жағдайда ғана нұсқау бере алатын. Сотқа дейінгі тергеп тексеру және жедел –іздестіру қызметі бойынша.
Ал қазір осылармен бірге әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қосымша тексеріс жүргізуге, атқарушылық іс жүргізуге, жазаларды орындауға, прокуратураның талабы бойынша жүргізілетін тексерулерге және мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелері бойынша да жазбаша нұсқаулар бере алады (35-бап).
Прокурордың қаулы шығару құзыреті де кеңейтілді (37 бап). Бұған дейін прокурор тәртіптік іс жүргізуді қозғау, тексеріс жүргізу, күштеп әкелу, құқықтық актінің қолданысын тоқтата тұру немесе шектеу сипатындағы шаралардың күшін жою туралы қаулыларды ғана қабылдай алса, жаңа Заң бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы, күзетпен ұстау, жазасын өтеп жатқан, сондай-ақ пробация есебінде тұрған адамдарға қатысты тәртіптік жазалар мен көтермелеулердің күшін жою, лауазымды және өзге де адамның актісін немесе әрекетін тексеру не өтінішті қарау аяқталғанға дейін үш жұмыс күніне дейін тоқтата тұру, сот орындаушыларының заңсыз актілерінің күшін жою және прокурорлық қадағалау актісін мәжбүрлеп орындату туралы қаулы шығара алады.
Бұл қаулылардың барлығы міндетті түрде орындалуға жатады. Сонымен қатар Заңға енгізілген ерекше новелла ол прокурорлардың ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі (10-бап). Атап айтсақ, прокурор өз құзыретіне сәйкес дербес деректерді және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, ақпаратқа, мәліметтер мен құжаттарға, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерге, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерге, атқарушылық іс жүргізуге және өзге де материалдарға, сондай-ақ құқық қорғау органдарының және өзге де мемлекеттік органдармен ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен ресурстарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қол жеткізуге құқылы.
Мақаламды қорытындылай келе, жаңа «ҚР Прокуратурасы туралы» Конституциялық Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар еліміздің тұтастығын сақтау, азаматтарымыздың бостандығы мен құқықтарын қорғау бағытында атқарылатын прокурорлық қадағалау жұмысын жетілдіруге зор ықпалын тигізеді деп есептеймін.
Байқоныр қаласының прокуроры Т.Бектұрсынов
23 қараша 2022 ж. 521 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 094

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031