» » Қармақшы ауданының прокуроры М.Маханбетжанов баспасөз өкілдерімен кездесу өткізді

Қармақшы ауданының прокуроры М.Маханбетжанов баспасөз өкілдерімен кездесу өткізді

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданының прокуроры М.Маханбетжанов жергілікті баспасөз өкілдерімен кездесу өткізіп, «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның талаптары, ерекшеліктері мен құқық қорғау саласындағы рөлі жөнінде сұхбаттасу жүргізді.
Брифинг нысанында өткізілген бұл кездесуде аудан прокуроры М.Маханбетжанов ағымдағы жылдың 5 қарашасында Мемлекет Басшысымен қол қойылған «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның ерекшеліктеріне тоқталды.
Заңда Бас Прокурордың Конституциялық Сотқа Конституция нормаларын түсіндіру мәселелері бойынша, Жоғарғы Сотқа сот практикасын түсіндіру үшін жүгіну құқығы бекітілген.
Бас прокуратура, құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитет, құқық қорғау органдары Академиясы, әскери және көлік прокуратурасының органдары, облыстар прокуратурасы және оларға теңестірілген прокуратуралар, аудандық және оларға теңестірілген прокуратуралар кіретін прокуратура жүйесі нақтыланды.
Жүйедегі әр буынның негізгі функциялары нақтыланып, заңның жекелеген баптарында бекітілген.
Сондай-ақ, жеке нормаға аудандық сатыдан Бас прокуратураға дейінгі прокурорлардың өкілеттіктері енгізілген, онда олардың қандай құқықтары мен міндеттері бар екендігі нақты көрсетілген.
Қадағалаудың үш нысаны айқындалды - заңдылықтың сақталуын тексеру, заңдылықтың жай-күйін талдау, күшіне енген актілерді бағалау.
Жеке кәсіпкерлікті тексеру тек Президент пен Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша тағайындалады.
Бас Прокурордың орынбасарлары, Бас әскери және көлік прокурорлары, облыстар мен аудандардың прокурорлары тексеру жүргізу туралы шешімді - өз құқықтарын өз бетінше қорғай алмайтын адамдардың; кәмелетке толмағандардың; адамдардың шектелмеген тобының; еліміздің қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптарды болдырмау үшін, уәкілетті органдар мен лауазымды адамдар тарапынан жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне араласу фактілері бойынша олардың құқықтарын қорғау үшін қабылдайды.
Жеке бапта тексерілетін субъектілердің құқықтары мен міндеттері нақтыланған.
Заңдылықтың жай-күйін талдауды прокурорлар субъектілерге (объектілерге) бармай, статистикалық деректерді, мәліметтерді, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс материалдарын, сондай-ақ өзге де ақпараттарды зерделеу арқылы жүзеге асырады.
Прокуратура күшіне енген актілерді бағалауды - мемлекеттік органдар мен мекемелердің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, олардың лауазымды адамдарының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың актілері мен шешімдерін, егер олар өз құқықтарын қорғауды дербес жүзеге асыра алмайтын адамдарға, адамдардың шектелмеген тобына қатысты болса не жария сипатта болса, сондай-ақ сотың үкімдерін, қаулылары мен шешімдерін өзге де актілерін, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерді зерделеу арқылы жүргізеді.
Коституциялық заңмен прокуратура органдары қарайтын өтініштердің тізбесі кеңейтілді.
Оларға өз құқықтарын өз бетінше қорғай алмайтын адамдардың, кәмелетке толмағандардың, адамдардың шектелмеген тобының құқықтарын қорғау үшін, егер уәкілетті орган азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етпесе не уәкілетті орган болмаған жағдайларда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау үшін, Ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерді болғызбау үшін, адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін заңдылықтың бұзылу фактілері бойынша, Президент пен Бас Прокурордың тапсырмалары бойынша қаралатын өтініштер жатады.
Прокуратура актілері - қадағалау актілеріне (наразылық, санкция, нұсқау, ұсыну, қаулы), ден қою актілеріне (өтінішхат, жолданым, өтініш, заңдарды бұзуға жол бермеу туралы түсіндіру) және прокуратура органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінің мәселелерін реттейтін актілерге (бұйрықтар, өкімдер, ережелер, нұсқаулықтар, регламенттер және басқалар) жүйелендірілген.
Прокурордың қаулы шығару жағдайларының аясы ұлғайып, түрлері мұқият нақтыланды.
Іс-әрекеттеріне прокурор наразылық келтіруге құқылы субъектілердің тізбесі кеңейтілді және наразылықты қарау мерзімін үш жұмыс күніне дейін қысқарту мүмкіндігі қарастырылды.
Заңды түсіндіретін ден қою актісі жаңа атауға ие болып, заң бұзушылықтарға жол бермеу туралы түсініктеме және құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен бірге дайындалып жатқан заңсыз әрекеттер туралы мәліметтер болған кезде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған.
Меншік нысанына қарамастан прокуратураның Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі Уәкілмен, ұйымдармен өзара іс-қимылдарды жасау және оның қызметіне жәрдемдесу туралы новеллалар да маңызды болып табылады.
Прокуратура органдарының халықаралық ынтымақтастық саласында, оның ішінде қылмыстық процестен тыс қылмыстық жолмен алынған активтерді қайтару мәселелері жөніндегі құзыретін кеңейтуге, халықаралық арбитражды қоса алғанда, прокуратураның міндеттемелерді сақтауын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылған.
Кездесу барысында аудан прокуроры Конституциялық заңның жоғарыда аталғандардан басқа да ерекшеліктеріне тоқталды.
Брифинг соңында баспасөз өкілдерінің сұрақтарына нақты жауаптар берілді.
22 қараша 2022 ж. 725 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 081

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031