» » Жеке қабылдау өткізді

Жеке қабылдау өткізді

Қызылорда облысының прокуроры Қармақшы ауданының тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдау өткізді.
Қызылорда облысының прокуроры Бижанов Нұрлан Дәуренұлы ағымдағы жылдың 3 қараша күні Қармақшы ауданының тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдау жүргізді.
Бұл шара облыс әкімі және облыстық деңгейдегі құқық қорғау, уәкілетті және жергілікті атқарушы орган басшыларымен бірлескен тәртіпте өткізілді.
Жеке қабылдау барысында тұлғалар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, пікірлерін білдірді.
Атап айтқанда денсаулық сақтау және білім беру саласындағы жекелеген ұйымдардың қызметіне қатысты мәселе, соттардың қарауындағы қылмыстық және азаматтық істер бойынша сондай-ақ, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекетіне қатысты сұрақтар мен ұсыныс, пікірлер көтерілді.
Нұрлан Дәуренұлы жеке қабылдауға келген әрбір тұлғаға заң талаптарын түсіндіріп, мәселенің шешу жолдары бойынша бағыт-бағдар берді.
Сонымен қатар, сауалдардың салалық бағыныстылығына қарай уәкілетті орган басшылары мен аудан прокурорына тиісті тапсырмалар берілді.
Жеке қабылдау және кездесу нәтижесімен тұрғындар Нұрлан Дәуренұлына алғыстарын білдіріп, облыстық прокуратура органдарының қызметін оң бағалап, сәттілік тіледі.
Облыс аумағындағы барлық елді мекендерді қамти отырып, халықпен кездесу және жеке қабылдап, заң көмегін көрсету бағытындағы шараларды жүйелі түрде жүргізу облыстық прокуратурамен жолға қойылған.

07 қараша 2022 ж. 454 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 041
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 709

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031