Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов қоғамдық қабылдау өткізді
Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес бүгін аудан әкімдігінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Қожаниязов Серік Салауатұлы мен құқық қорғау органдарының басшылары құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және тағы да басқа мәселелер бойынша аудан тұрғындарына қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындардың жеке әлеуметтік мәселелерімен қоса
ІІІ Интернационал ауылдық округінің жер мәселесі және Төретам кентіндегі санитарлық тазалық жұмыстары, Жосалы кентіндегі «Тәуелсіздік» ықшам ауданына газ құбырын тарту мәселелері көтерілді.
Сонымен қатар тұрғындар тарапынан құқық бұзушылықтың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы ұсыныс-пікірлер айтылды.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары
Серік Қожаниязов пен аудан әкімі
Әділбек Ерсұлтанов тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің шешілу жолдарын ұсынып, қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес түсіндірме жүргізді. Қабылдауда айтылған әрбір мәселеге жеке-жеке тоқталып, тиісінше жазбаша жауап берілетіндігі жеткізілді.
Сондай-ақ, қабылдауға қатысқан құқық қорғау органдарының басшылары құқық бұзушылықтың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында құқықтық кеңестер берді.
Қоғамдық қабылдаудан кейін
Серік Салауатұлы Жосалы кентіндегі күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Тайшық би көшесіндегі «Сыр сүлейлері» аллеясы мен «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан Ә.Егізбаев атындағы №121 орта мектептің құрылыс жұмыстарымен, сонымен қатар Жосалы кентінде салынып жатқан денешынықтыру және сауықтыру кешенінің жұмыстарымен танысты.
Нысандарды аралау барысында С.Қожаниязов өскелең ұрпақтың игілігі үшін жасалып жатқан жұмыстарды сапалы жүргізуге аса мән беру керектігін айтып, мердігерлерге мерзімінде аяқтауды тапсырды.