ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП ИДЕОЛОГИЯСЫН ІЛГЕРІЛЕТУ – БАРШАМЫЗДЫҢ МІНДЕТІМІЗ
Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында «Біз заң мен тәртіп, білім мен парасат үстемдік ететін қоғам құруымыз керек. Азаматтары, әсіресе жастары мәдениетті, жаңашыл әрі жасампаз ұлттың ұпайы түгел. Сондықтан біз өркениетті ел болуға кедергі жасайтын жағымсыз әдеттерден арылуымыз керек» деген болатын. Заң мен тәртіп – біздің мызғымас тұғырымыз. Бұл, ең алдымен, еліміздің әр азаматына және барша халқымызға ортақ тәртіп.
Заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етуде, азаматтардың құқықтық санасын арттыруда және мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайтуда шешуші рөл атқарады.
Ағымдағы ахуалды және халықаралық тәжірибені талдау кезінде анықталған проблемалық мәселелер негізінде еліміздегі заң мен тәртіп идеологиясын қоғамда ілгерілету бойынша пайым айқындалып, түйін жасалды.
Қазақстандықтар құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейіне және заңдарды сақтаудың маңыздылығын ұғынуға қол жеткізеді. Олар адамның құқықтары мен міндеттері арасындағы байланысты түсінеді, қоғамдағы тұрақтылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету үшін құқықтық нормалардың маңыздылығын ұғынады.
Қоғам басқа адамдардың құқықтары мен құқықтық әдептілікті құрметтеуді белсенді түрде қолдана отырып, құқықтар мен заңдарға үстірт қараудан жауапты әрі саналы көзқарасқа ауысады.
Халықтың құқықтық хабардарлығы деңгейі жоғары болады, бұл заңдар мен құқықтық нормаларды сақтауға бағытталған орнықты әдеттер мен мінез-құлықты қалыптастыруға ықпал етеді.
Заң мен әділеттілік әр азаматтың өмірінде бірінші орында болуға тиіс және оларды сақтау арқылы ғана күшті әрі берекелі қоғам құруға болады.
Өскелең ұрпақтың бойында парасаттылықты, жауапкершілікті және адалдықты тәрбиелеу мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыруды жалғастыру қажет, оның негізі – мектепке дейінгі ұйымнан бастап балаларда азаматтық-құқықтық білім, құқықтық жүйе мен адам құқықтарының негіздері туралы түсінік қалыптастыру, сондай-ақ күнделікті өмірде заңдар туралы білімді және «Әділеттілік пен жауапкершілік», «Заң мен тәртіп» деген орнықты ұғымдарды қолдану.
Қазіргі уақытта «Заң және тәртіп» қағидатын жүзеге асыру бағытында прокуратура органдарымен белсенді шаралар атқарылуда. Мысалы, облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен «Киберволонтер», «Бала тәрбиесі – ата-ана міндеті», «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты акциялармен бірге жол апаттарының алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық профилактикасы бағытында жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Құрметті аудан тұрғындары, қоғамда заң мен тәртіпті нық орнатып, заң үстемдігін қамтамасыз етіп, қауіпсіз қоғам қалыптастыру – баршамыздың міндетіміз. Сондықтан, әрбіріңізді осы бағыттағы жұмыстарды бірлесіп атқаруға шақырамын.
Е.МУСАЕВ,
Қармақшы аудандық прокуратурасының аға прокуроры