» » Қармақшыда «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы басталуда

Қармақшыда «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы басталуда

qarmaqshy-tany.kz Тәртіп пен заң бәріне ортақ. Әсіресе қоғамдық орындарда тазалық және тәртіп сақтау аса маңызды. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың 26 - 28 сәуір күндері аралығында аудан аумағында полиция қызметкерлері көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жедел жағдайды тұрақтандыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау.

Жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында бөлімнің барлық жеке құрамы күшейтілген жұмыс түріне көшіріліп, аудан бойынша қоғамдық тәртіпті оның ішінде көшеде жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтың, көлік құралын мас күйде басқарудың жолын кесу мақсатында жұмыстар жүргізіледі. Сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторларымен әкімшілік аймақтарындағы профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды тексере отырып, әкімшілік учаскелерді аралап тексеру жұмыстары да жүргізіледі.

Қоғам тынышытығы мен құқықтық тәртіпті сақтау барысында жүргізіліп жатқан жұмыстарға аудан халқы түсіністік таңытып, заңға бағынса құқық бұзушылықтар орын алмайтын болады.
Қармақшы АПб-нің ЖПҚб-сі
26 сәуір 2023 ж. 287 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 288

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 383

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930