«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында аудан көлемінде ағымдағы жылдың 19-23 шілде аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында бөлімнің барлық жеке құрамы күшейтілген жұмыс түріне көшіріліп, аудан бойынша қоғамдық тәртіпті оның ішінде көшеде жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтың, көлік құралын мас күйде басқарудың жолын кесу мақсатында жұмыстар жүргізіледі.
Сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторларымен әкімшілік аймақтарындағы профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды тексере отырып, әкімшілік учаскелерді аралап тексеру жұмыстары атқарылады.
Қармақшы АПб ЖПҚб
Пікір 1