» » ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Бүгін Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицейінде құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне арналған ведомствоаралық мәжіліс өтті.

Мәжіліс барысында 2025 жылы құқық бұзушылық профилактикасы бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге арналған міндеттер талқыланып, оған аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев қатысты. Жиынды қала прокуроры Шыңғыс Есжанов ашып, күн тәртібіндегі мәселелердің маңыздылығына тоқталды.

Өз сөзінде Диас Молдабаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Заң мен тәртіп» қағидаты қоғамдағы қауіпсіздік пен әділдікті қамтамасыз етудің негізгі тірегі екенін атап өтті. Еліміздегі барлық шешімдер мен әрекеттер заң талаптарына сәйкес жүзеге асуы тиіс екенін жеткізді. Сондай-ақ «Қылмыссыз өңір – кемел келешек кепілі» жобасын әрі қарайда жалғастырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ету қажеттігін атап өтті.

Күн тәртібі аясында қала прокурорының орынбасары Арман Жаппасбаев, ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің Әкімшілік полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Мырзаш Нұртаев, Қармақшы аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібеков баяндама жасаса, ардагерлер мен тұрғындар сала бойынша өзекті мәселелер мен ұсыныстарын ортаға салды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

25 қаңтар 2026 ж. 62 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 303
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 176

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031