Құрылтай
» » «ҚЫЛМЫССЫЗ ӨҢІР - КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ» АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«ҚЫЛМЫССЫЗ ӨҢІР - КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ» АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ


Бүгін Қармақшы ауылдық округінде ішімдіксіз ауылдар қатарын көбейту және «Қылмыссыз өңір – кемел келешек кепілі» жобасы аясында қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға арналған кездесу өткізілді.

Шараны аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев жүргізіп, ауыл тұрғындарын келіп жеткен жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жобаның маңызы мен оның тиімділігін түсіндірді.

-Ішімдіктен бас тарту – құқық бұзушылықтың алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі. Тәжірибе көрсеткендей, ішімдіксіз ауылдарда қылмыс деңгейі төмендеп, қоғамдық тәртіп пен отбасылық тұрақтылық нығаяды. Осы бағытта жергілікті кәсіпкерлердің жауапкершілігі ерекше. Сіздердің қолдауларыңыз – қауіпсіз орта қалыптастыруға қосылған нақты үлес. Ал тұрғындардың бірлігі мен саналы таңдауы – бастаманың табысты жүзеге асуының басты кепілі,- деді аудан әкімінің орынбасары.

Кездесуге Қармақшы ауданы прокурорының орынбасары Зураб Гичиев және аудандық полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы Нұрболат Қасымханов қатысып, ішімдіксіз ауылдарда құқық бұзушылық деңгейі төмендейтіні, қоғамдық тәртіп пен отбасылық тұрақтылық нығаятынын атап айтты.

Жиын соңында Диас Молдабаев ауыл тұрғындарының бірлесе әрекет етуі – қылмыссыз, ішімдіксіз және тыныш орта қалыптастырудың негізгі кепілі екенін жеткізді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

01 қаңтар 2026 ж. 190 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31