» » ҚЫЛМЫССЫЗ ӨҢІР – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

ҚЫЛМЫССЫЗ ӨҢІР – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

Аудан орталығындағы А.Жанпейісов атындағы №105 мектеплицейінде «Қылмыссыз өңір – кемел келешек кепілі» жобасын жүзеге асыру аясында және «Балалардың құқықтарын қорғау» күніне орай құқық қорғау органдарының және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлерімен ата-аналарды қатыстыра отырып кездесу өткізілді.
Бұл жиынның мақсаты – оқушылар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзу шылықтың алдын алу, балалар арасында сын-қатерлерді буллинг, кибербуллинг, зорлық-зомбылық, лудомания, телефонға тәуелділік, т.б. қауіп-қатерлерді болдырмау және ата-аналарға түсіндіру.
Кездесуге аудан прокуратурасының аға прокуроры Н.Нұржанұлы, аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының полиция инспекторы, полиция капитаны А.Қасымова, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының консультанты Ғ.Нақыпова, аудандық «Отбасын қолдау орталығы» директоры А.Тулебеков, білім бөлімінің әдіскері А.Тоқшылықова, «Жастар денсаулық орталығы» мекемесінің психологі Ә.Кетебаева арнайы қатысты.
Жиынды мектеп-лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қозыбақов ашты. Кездесу барысында 9-сынып жетекшілер Г.Дегенбаева, Ү.Бұхарбаева, А.Қарсақбаева бала тәрбиесі жайлы арнайы дайындалған бейнероликтер мен тренинг сұхбат өткізсе, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және қоғамдық ұйым өкілдері бала тәрбиесінің маңызы жайлы тоқталып өтті. Сонымен қатар мектеп-лицейдің ата-аналары арнайы кейстер қорғап, пікірлерімен бөлісті. Кездесуді мектеп-лицей директоры Н.Раймов қорытындылап, ата-аналарды мектеппен үнемі тығыз байланыста болып, бірлесіп жұмыс жүргізуге шақырды.
«ҚТ» ақпарат
09 желтоқсан 2024 ж. 263 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 415
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 217

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930