» » «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ НЕГІЗІ

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» – ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ НЕГІЗІ


«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Байқоңыр қаласы №277 мектеп-лицейінде аудан әкімінің тапсырмасымен кеңейтілген мәжіліс өтті.

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев, қала прокурорының міндетін атқарушы Арман Жаппасбаев, Байқоңыр қалалық сотының судьясы Бибигуль Абубакирова, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының құқық қорғау органдарының өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, ата-аналар комитетінің мүшелері мен сала мамандары қатысты.

Мәжілістің негізгі тақырыбы – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және балалардың қауіпсіз жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері болды.

Осы орайда білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібеков білім беру ұйымдарындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арасындағы әлімжеттік пен топтық төбелестің алдын алу, түнгі рейдтік жұмыстардың ұйымдастырылуы, ата-анамен бірлескен профилактикалық жұмыстар және құқықтық тәрбие бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндама жасады.

Жиын барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың себептері мен оған әсер ететін факторлар талқыланып, профилактикалық жұмыстарды күшейту қажеттігі атап өтілді. Сонымен қатар, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, интернет қауіпсіздігі, түнгі уақытта заңсыз жүрудің алдын алу, сондай-ақ жаз мезгілінде су айдындары мен ойын-сауық орындарындағы қауіпсіздік шараларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысымен уәкілетті органдарға нақты тапсырмалар беріліп, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы өзара іс-қимылды күшейту жөнінде ұсыныстар айтылды.

22 мамыр 2026 ж. 46 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№37 (10505)

19 мамыр 2026 ж.

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 155
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 727

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031