» » ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ КҮН ТӘРТІБІНДЕ

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ КҮН ТӘРТІБІНДЕ


Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды. Алғашқы мәселе бойынша аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің басшысы Нұрболат Қасымханов 2025 жылдың 12 айында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдер арасындағы топтық төбелестер мен білім беру ұйымдарындағы ахуал жөнінде баяндама жасады.

Екінші мәселе аясында аудандық аурухананың ана мен бала жөніндегі бас дәрігер орынбасары Парида Сарыбаева балаларды скринингтік тексерулермен қамту, кәмелетке толмағандар арасындағы суицид пен ерте жүктіліктің алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібеков білім беру ұйымдарындағы профилактикалық шаралар туралы ақпарат берді.

Үшінші мәселе бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық, буллинг пен кибербуллинг, суицидтік мінез-құлықтың жай-күйін зерделеу және әлеуметтік зерттеулер жүргізу мәселелері талқыланды. Бұл бағытта тиісті сала басшылары өз баяндамаларын ұсынды.

Төртінші және бесінші мәселелер оқушылар мен отбасылардың жағдайына қатысты қаралды. Атап айтқанда №183 орта мектебінің директоры Гүлнара Әшірова құқық бұзушылыққа жол берген оқушылардың тәртібіне байланысты, сондай-ақ отбасының әлеуметтік жағдайы жөнінде баяндама жасады.

Жиын барысында комиссия мүшелері көтерілген мәселелер бойынша пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтты. Отырысты қорытындылаған Диас Молдабаев кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

28 қаңтар 2026 ж. 54 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (10475)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (10474)

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (10473)

21 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 319
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 188

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031