» » Кезекті комиссия отырысы өтті

Кезекті комиссия отырысы өтті

Аудан әкімінің орынбасары С.Смағұловтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Күн тәртібінде балалар мен жасөспірімдер арасындағы өзекті әлеуметтік мәселелер талқыланды.

Аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиева «Кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу шаралары» туралы баяндап, жүзеге асырылған іс-шаралар мен алдағы жоспарларға тоқталды. Ол жасөспірімдердің психологиялық денсаулығын нығайтуға бағытталған жұмыстарды атап өтті.

Аудандық полиция бөлімінің өкілі Қ.Еспанов «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың (буллинг) алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан шаралар» жөнінде сөз қозғады. Құқық қорғау органдары мен білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықты күшейту, буллингтің алдын алу бағытындағы жұмыстар айтылды.

Сонымен қатар, жиында білім беру ұйымдарының заңдылықты сақтауы және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жол картасы мен 2024 жылғы бірлескен тәртіпте орындалатын іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәселе қаралып, тапсырмаларды мерзімінде орындамаған тиісті жауапты органдарға ескертулер жасалды.

Комиссия төрағасы отырысты қорытындылап, құқық бұзушылықтың алдын алу мен балалардың құқықтарын қорғауға қатысты нақты тапсырмалар берді және оларды жүйелі бақылауда ұстаудың маңыздылығын атап өтті.

01 қазан 2024 ж. 224 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 087
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 744

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031