» » КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ


Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаевтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия жұмысына құқық қорғау органдарының өкілдері, Байқоңыр қалалық прокуратурасы, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, ардагерлер және әйелдер кеңесінің төрағалары, білім бөлімі мен білім беру ұйымдарының жетекшілері қатысты.

Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Алғашқы мәселе бойынша аудандық аурухананың ана мен бала денсаулығы жөніндегі орынбасары Парида Сарыбаева кәмелетке толмағандар арасында алкоголь, есірткі және нашақорлықтың алдын алу бағытында жан-жақты баяндама жасады. Сондай-ақ аудандық білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібеков жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік жағдайы бойынша атап өтті.

Балаларды интернет кеңістігіндегі зиянды ақпараттан қорғау қазіргі таңда өзекті тақырыптардың бірі. Осы бағытта аудандық қоғамдық даму бөлімінің бас маманы Досбол Дүйсенбеков талдау жасап, интернет алаяқтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмысы мен жүргізіліп жатқан іс-шараларды баяндады.

Жиын барысында Диас Молдабаев айтылған ұсыныстар мен көтерілген мәселелер бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді. Тапсырмалардың орындалуы бақылауға алынып, тиісті мерзімдер белгіленді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

15 қараша 2025 ж. 254 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 073
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 285

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031