Топ-баннер
Топ-баннер2
» » Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті


Жуырда аудан әкімінің орынбасары Ж.Еркусаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Отырысқа комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары, бөлім басшылары және тиісті сала басшылары қатысты.
Комиссия отырысының күн тәртібінде екі мәселе қаралды.Білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы (бейнебақылау жүйелері, дабыл түймелері, турникет) мәселе бойынша Қармақшы аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметінің бастығы баяндама жасап, Төретам кенті әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның атқарған жұмыстары туралы екінші мәселе бойынша Төретам кентінің әкімі баяндама жасады.
Комиссия отырысы барысында құқық қорғау органдарының басшылары бала өмірінің қауіпсіздігі бағытында өздерінің ұсыныс-пікірлерімен бөлісіп, қорытындысымен аудан әкімінің орынбасары барлық білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді күшейту мақсатында тиісті сала басшыларына хаттамалық тапсырмаларын берді.

05 қазан 2022 ж. 664 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 603
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031