» » Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті

Аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлының төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.
Комиссия отырысының күн тәртібіне сәйкес жиында «Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және олардың мәдениет, спорт ұйымдарына қолжетімділігін арттыру» жөніндегі аудандық дене шынықтыру және спорт, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері басшыларының, сондай-ақ «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны аясында өткізілген жұмыстардың қорытындысы туралы аудандық білім және полиция бөлімдерінің жауапты қызметкерлерінің баяндамалары тыңдалды.
Отырыста қаралған мәселелерге орай комиссия мүшелері өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Комиссия төрағасы Жұлдызхан Ерқосаев тиісті сала басшыларына кәмелетке толмағандардың профилактикасын күшейту, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың жазғы демалыс кезіндегі бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оларды түрлі спорттық және мәдени көпшілік іс-шараларға қатыстыру жөнінде тапсырмалар берді.
05 шілде 2022 ж. 620 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 407
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728