» » ӨНЕРЛІ ӨРГЕ ОЗАДЫ

ӨНЕРЛІ ӨРГЕ ОЗАДЫ

Қолыңнан іс келсе, көл-көсір пайдаға кенелмесең де күндік нәпақаны айыруға болады. Қазақта: «Жатқанға – жан жуымас» деген тәмсіл бар. Ол бекерге айтылмаған. Жүре берсең – жүрген аяғыңа жөргем ілінеді. Бұл – темірден түйін түйген шебер – Қанай Нұрхановтың берік ұстанымы.
Замандасымыз Жосалы кентінің тұрғыны. Ол жиырма жылдың жүзінде темірден түрлі бұйым жасап, нәпақасын тауып жүр. Айта кетерлігі – оның ешқандай кәсіби білімі жоқ. Соған қарамастан осы уақыт аралығында талай тапсырыс берушінің көңілінен шығып, алғысына бөленген.
– Кәсіптің жаманы болмайды. Көзін тапсаң – бәрі күнкөріс. Мен де осындай мақсатпен аталған жұмысты бастағанмын. Заманға сай, сұранысы көп кәсіптің бірі – осы электрмен дәнекерлеуші. Сынағаным емес, қазір  жұмыссыздықты себеп етіп, екі қолға бір күрек ұстаудан қашатындар бар. Шындығында тірлік істеймін дегенге табыс табуға болады. Еңбек етпесең – еңсең түседі. Ал еңбектенсең біріншіден – бала-шағаңа нәпақа болса, екіншіден – халқыңа қызмет жасайсың, – дейді кейіпкеріміз.
Иә, шебер тұтынушының сұранысына қарай қолынан келгенін аянып қалмайды. Қоршаудан бастап, дарбаза, үйдің бумен жылыту жүйесі, баспалдақ, есік, тағы басқа да көптеген металдан соғылатын дүниенің барлығын да жасай біледі. Мекеме мен жекенің, сол секілді Қазақстанның өзге де өңірінен тапсырыс қабылдап, оны сапалы да әдемі етіп шығаруға барын салады. Бастысы – тапсырыс иесі риза болса болғаны.
– Тұтынушы жұмысқа керекті материалды көбіне өзі дайындайды. Ал кейде маған  сенім артып, өзіме таңдататын да сәт болады. Бірақ мен үшін маңыздысы ол емес, бастысы – тапсырыс берушінің қуанышты жүзін көру. Қай іске де шығармашылықпен кірісемін, өйткені шығармашылық – қашан да адамға шабыт береді, – дейді шебер.    
Түйін:
Қазақ төрін құрметтеп, оған сыйлы қонағын ғана шығарған. Сол секілді қолөнер өнерін де жоғары бағалап, аяқ асты етпеген. Оған себеп: өткен замандағы ата-бабамыздың алтынмен аптап, күміспен күптеген талай бұйымы бүгінде көптеген музейдің төрінде ілулі. Иә, қолөнердің орны – қашан да төр.

Сәрсенкүл АҚКІСІ,
«Қармақшы таңы». 
02 мамыр 2019 ж. 1 217 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

18 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 097

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031