» » ЕТІКШІЛІК – ЕСКІРМЕЙТІН КӘСІП

ЕТІКШІЛІК – ЕСКІРМЕЙТІН КӘСІП

Қазақ аяқ киімді ертеден-ақ тігіп, өз қажетіне жарата білген. Бұл біздің көне, ескірмейтін кәсібіміз десек те болады. Етікшілік екінің бірінің қолынан келе бермейтін кәсіп. Себебі, бұл аса шыдамдылық пен шеберлікті  талап ететін шаруа. «Әлің барда еңбек ет, еңкейгенде емерсің» демекші, жұмыс істеймін дегенге екі қолға бір күрек табылары анық.
Біз бен тебенін жанына серік етіп, күнделікті нәпақасын тауып жүрген етікшілердің еңбегі нағыз еңбек емес пе? Осындай еңбек етіп жүрген жандардың қатарында Қалдыбек Спандияров та бар. Оның етікші мамандығын игергеніне 15 жылдан астам уақыт болыпты. – 2004 жылы болу керек. Менің алдымдағы кісі осы дүңгіршекті жауып жатыр екен. Жанымдағы достарым алып қалайық, осыннан өзіңнің кәсібіңді бастап кетесің деп ақыл-кеңесін берді. Ол кезде жұмыссыздық дендеп тұрған шақ.  Көп ойланбастан жұмысты бастап кеттім. Қазір Аллаға шүкір, осы кәсіппен табыс тауып отырған жайымыз бар, – дейді ол.
Рас, қазір сапасыз аяқ киім көп. «Арзанның сорпасы татымайды» дегендей, арзанқол аяқ киімдердің көп бөлігі – сапасыз. Тіпті бір маусым киюге де жарамай жатады. Осыған сәйкес етікшілердің де өз «сезоны» бар. Қыс мезгілінде аяқ киім жөндетушілердің қарасы көбейеді. Мұндайда етіктің табанын ауыстыру, желімдеу, сырғытпа салу секілді жұмыс істейді. Ал көктем, жаз мезгілінде бірең-сараң ерлердің туфлиінің табанын тігу мен әйелдер туфлиінің тақасын ауыстыру болмаса одан бөлек істейтін жұмыс жоқ.
Етікшінің еңбегін расымен де бағалауға тұрарлық. Себебі аяқ киім жөндеу шеберханасына бір кіріп шыққанның өзінде аяқ киім мен жапсыр-мадан шығатын жағымсыз иіс адамға жайсыздық туғызады емес пе?! Соған  қарамастан осы кәсіппен нәпақасын та­уып, тұтынушының көңілінен шығып отырған етікшінің еңбегін қалай бағаламасқа? Ісмер азамат Қалдыбек Жүнісбекұлы әрдайым шеберханаға келген жандарды жылы шыраймен қарсы алып, көңілін табуға тырысады. Тұтынушылар да ризашылығын білдіріп, батасын беріп жататын кез де болады.
– Кедей болғың келсе адал бол деп жатады ғой. Менің өмірлік ұстанымым да сол. Кез келген істе адалдық керек. Адал іспен еткен еңбектің наны да тәтті болады емес пе? – дейді ісмер азамат.  Иә, осы бір ғана кәсіппен отбасын асырап отырған азаматтың адал еңбегі көпке үлгі боларлық жәйт.
Ақнұр САҒЫНТАЙ,
«Қармақшы таңы».
13 наурыз 2019 ж. 1 211 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 009

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031