» » ТЕМІРДЕН ТҮЙІН ТҮЙГЕН

ТЕМІРДЕН ТҮЙІН ТҮЙГЕН

Мектепті бітірген әрбір жет­кіншек алдында міндетті түр­де қайда барамын, қандай мамандықты игеремін деген сұрақ туады. Осы сұраққа жауап ретінде әрбір азамат өзі қа­лаған мамандықтың иесі атанып, қоғамнан өз орнын табуға жұмыс істейді.
Міне, өзінің алдына сондай талапты қойып, өмірден өз үлесін алуға ұмтылғандардың бірі – кент тұрғыны Бисембек Орынбаев.
Өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының ортасында Жосалы кентіндегі №26 орта мектепті тәмамдаған Бисембек Орынбаев әкесі, аудан тұрғындарына шеберлігімен, еңбекқорлығымен танылған Қалас есімді ұстаның қалауымен Камалхан Назарқұлов басшылық жасаған бұрыңғы «РТС» мекемесіне газэлектрмен дәнекерлеруші мамандығы бойынша жұмысқа орналасады. Бисенбек бұл мекемеге жұмысқа орналасқанда күзгі егін жинау науқанына қызу дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқан. Мекемедегі Барақбай, Жаймұрат, Ибрагим, Ефим, Тельман, Хамит сияқты өз ісінің білгірлерінің қасына қосылған ол ауыл-ауылды аралап, егіс бригадасындағы ауылшаруашылығы техникаларына жөндеу жұмыстарын жүргізуге атсалысады. Ал, күріш ору науқанында егістік басында айлап, яғни күріш ору науқаны аяқталғанша жұмыс істейді. Ал, қыс-көктем мезгілінде мекеме шеберханасында елді мекендерден келген ауылшаруашылығы техникаларын жөндеуге тапсырыстарды орындауда аянбай еңбек етеді. Білікті маман Бисенбек Орынбаев замандастары Әлібек Калеков, Қанибек Төлеповтермен бірге осындай қадірлі мамандықты одан әрі игеруде күндіз-түні тынбай еңбек етіп, құрметке бөленеді. Бірнеше рет салалық ведомстволық және аудан басшылығының мадақтамаларына ие болады. «Ленин комсомолының үздігі», «Социалистік жарыс жеңімпазы» деген төсбелгілерін иеленеді. Кейіннен өзі де шәкірт тәрбиелеп, олардың қоғамнан өз орындарын табуға еңбек сіңірді .
Міне, еліміз егемендік алғалы бері ширек ғасырдан асты. Осы жылдар аралығында ел әлеуетін арттыруда ілкімді істер атқарылды. Тәуелсіз Қазақстан бүгінде дүниежүзінде әл-ауқаты артқан, экономикасы қарыштап дамыған 30 елдің қатарына қосылуға жұмыс істеуде. Елбасының қолдауымен шағын және ота кәсіпкерлікті, ауылшаруашылығы саласын, оның ішінде ата-кәсібіміз мал шаруашылығын қайта өркендету мақсатында үлкен жұмыстар істелуде.
Мемлекет басшысының осындай қолдауына ие болған еңбек адамдарының бірі, жасы зейнеткерлік жасқа жақындап қалса да жұмыс жоқ деп отбасында отырып алмай, қырық жылға жуық өзінің өміріне серік болып келе жатқан мамандығымен несібесін тауып жүрген Бисембек Қаласұлы дәнекерлеу құрал-жабдығымен кент, тіпті елді мекен тұрғындарына темір шарбақ, дарбаза, сәкі, тіпті жылу жүйесін де істеп беріп, алғысқа бөленуде.
– Еңбегіме көп сұрамаймын, қазіргі уақытта аудан тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі бұрыңғы жылдардан әдәуір жақсы болғанымен, мемлекеттен қаржыландырылатын мекемелерден басқа жерде тұрақты жұмыс жоқ. Кәсіпкерлерде жұмыс болғанымен, олардың берер жалақысы мардымсыз. Қаладағыдай емес. Бала кезден қызығып, меңгерген мамандығымды қадірлеймін. Құрмет тұтамын. Мамандықтың бәрі қадірлі, десе де мен үшін дәнекерлеуші мамандығы бәрінен де ыстық. Расында да, дәнекерлеуші, оның ішінде газбен дәнекерлеуші сирек те қадірлі мамандықтар қатарында. Қазіргі уақытта оған онша жұмыс табыла бермейді. Қазір технология дамыған заманда өмір сүрудеміз. Барлығы да заман талабына сай өсіп-өркендеуде. Десе де, мұндай киелі мамандыққа жүгінетіндер де баршылық. Еңбегіме қарай ақымды да аламын. Балаларым өсті. Олар бала кездеріндегідей менің жалақыма қарап отырған жоқ. Өсті, өнді, білім алып, отау құрды. Бірақ, «Еңбек адамға өмір сыйлайды» демекші, бір күн бос отыра алмаймын. Міне, бүгін гараждың есігін ауыстырдым, – дейді Бисембек ұста.
Иә, «Өмір – өзен» демекші, адам баласы өзі туып-өскен елге қызмет етіп, перзенттік парызын өтейді. Ұрпақ тәрбиелейді. Мұның бәрін ол өзінің бақыты үшін істейді. Өзінің қарапайымдылығымен, еңбекқорлығымен, ізденімпаздығымен ауылдаста­рының құрметіне бөленген Бисембек Қаласұлы бүгінде өмірлік жары, ұзақ жылдар бойы аудан тұрғындарының денсаулығын нығайтуға атсалысып, құрметке бөленген Күләшпен бірге үш ұл-қыз тәрбиелеп, өсіріп, олардан тараған немерелерін сүйіп отырған бақытты шаңырақ иесі.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
18 тамыз 2018 ж. 1 236 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 035

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031