» » Жаңару және Жаңғыру

Жаңару және Жаңғыру

Әз келді, жадырап жұрт жүзіне жаз келді.
Бұл – Ұлық күн. Жаңару дәуірі, жасару кезі. Содан болар баба жұрт Ұлыстың ұлы күні деп атаған. Біз үшін де өзге мереден Наурыздың бәсі биік. Қазір жыл басын тойлау жер-жерде, ел-елде жүріп жатыр. Біреу – алтыбақан құрып әлек, біреу - аламан шаптыруда. Иісі қазақ зерлі шапан, кәмшат бөрік киіп жүр. Бір өкініштісі, бұл – әз-Наурыздағы ғана көрініс.
"Аяз би" ертегісін білетін боларсыз. Әлгі құстың, адамның, шөптің жаманын іздейтін хикая. Сол ертегіде адамның жаманы хан болып, таққа отырғаннан кейін төріне ескі шапанын ілдіріп қойыпты. Мұндағы мақсаты – өткенін ұмытпау, кешегісін жадына түсіріп отыру. Ал бізде ол да жоқ. Ілулі шапан түгіл, баба жұрт қолданған бір бұйым жоқ. Төрімізде картина тұрғанды құп көреміз. Өркениеттің озық үлгісі ғой.
Сіз де, біз де қазақпыз. Біріміз ата сақалымыз ауызға түскенмен, біріміз баталы сөз айтқанмен, кешегі Ұлы бабалардың тек қана ұрпағымыз. Бізге жетті, бізден кейінгіге жеткізу мұрат емес пе? Адамның басқа мақсаты бар ма? Жалпы пенде дегенің бар-жоғы өткізгіш қана. Алдыңғы буыннан қабылдап аласың, кейінгіге өткізесің. Бұл тәмсіл емес, әуелі Құдайдан, содан соң табиғаттың заңнамасы. Ал біз сол заңнан неге аттаймыз? Аттамаймыз деңіз, мақұл делік, төріңізде домбыра ілулі тұр ма? Ер жігіттің сенімді серігіне айналған қамшы бар ма? Зерделі шапан киіп жүрсіз бе? Өкініштісі сол Наурызда бой көрсететін мұндай жабдықтар тек "ұлттық киім" деген атқа лайық болып тұр. Біздің танымда "ұлттық киім" тек ұлттық мейрамда ғана киілу керек, өзге уақытта орны сандықта. Құй сеніңіз, құй сенбеңіз, елу жылдан соң ұрпағымыз, сіздің және біздің ұрпақ бұл "ұлттық киімді" тек мұражайдан көрмесіне кім кепіл? Демек, қажеттісі жаңғыруды киімнен бастау қажет. Тұрмыста ақсақал болсын, қария болсын шапан киіп жүрсін, басына тақия не болмаса бөрік кисін. Әйелдер кимешегін тағып, қамзолын киіп жүрсін. Рухани жаңғыру – құр айқаймен жартастан жаңғырық шығару емес, тұтас ұлттың өткенін тірілту. Өткеніміз қазақылық. Демек атымыз ғана қазақ емес, затымыз да қазақ болуы тиіс.
Сосын тағы бір жайт, қазір аса бір мәселе бола қоймас, бірақ он-он бес, бәлки жиырма жылдан соң "ай-қап" деп санды ұратын бір жайт орын алуы мүмкін. Қазақтың бар дәстүрі мен салт-санасын бойына жиған табақ тарту әдебі жойылады. Ол рас, қазір үлкен кісілер бар, олардан аз-маз үйренгендер барда бұл мәселе болмайды. Ал олардың көзі кетсе ше? Кәрі жілік күйеуге, асық жілік келінге, құйымшақ нағашыларға, құдаға омыртқа ұсынылуы да ғажап емес. Өйткені табақ жасау, табақ тарту дәстүрін кейінгілерге үйретіп жатқандар аз.
Ұлттың ұлт болмағы тілінен, дәстүрінен, салт-санасынан, ділінен. Қазір әлемде болмысын жоғалтқан қанша ұлт бар? Көп. Жаһанданудың желігімен, өркениеттің желеуімен бет-бейнесін қанша ұлт жойып алған. Рухани жаңғыру – келешекке қазақтың бет-бейнесіз бармауын қамтамасыз етеді. Ал бұл жаңғырудың бастауы отбасындағы бала тәрбиесінен басталады. Қазір сапалы ұрпақ тәрбиелеу басты мақсат. Ал сапалы ұрпақ ұлт келешегін сапалы етпек.
Дастанбек Садық.
21 наурыз 2019 ж. 1 198 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031