» » » Ұлттық киімді ұлықтай алмай жүрміз

Ұлттық киімді ұлықтай алмай жүрміз

«Наурыз айы туғанда...» Иә, әдетте мұсылман қауымға ортақ – Ұлыстың ұлы күнінде ұлттық киім іздейтініміз әмбеге аян. Тәуелсіздік алғалы да отыз жылға жуықтап қалды. Бірақ біз әлі шырт ұйқыдамыз. Азатпыз деп шарқ ұрамыз. Алайда сол тәуелсіздіктің атрибуты – ұлттық киім барлығының төрінде ілініп тұр ма? Жоқ. Сонда ұлттық киім ұлық мерекеге ғана тән бе?
Осы сауалға жауап іздемекке Вконтакте әлеуметтік желісінен сауалнама жүргіздік. Сұрақ ауыр емес. «Егер ұлттық киімімізді ұлықтайтын сәнді, оюлы қазіргі модадағы киімдерді кию туралы заң қабылданса қалай қарайсыз?» деп сұрақты төтесінен қойдық. Қаралымы төрт мыңнан асса, пікір саны екі мыңнан асып жығылды. Пікір білдірушінің 80 проценті қолдайтынын, соны армандайтынын жеткізді. Ал кейбірі бұлай жүруге ұялатынын жасырмады. Жұрт «мынау не киіп алған» деп қарайды деп үрейін жеткізді. Сонда өзіміздің ұлттық құндылығымыздан жерігеніміз бе?
Әлеуметтік желі демекші Инстаграмнан қазақы сәнді көйлектердің парақшасын іздедік. Іздеу батырмасының алғашқы сабында Жанат Бақыт есімді тележүргізуші топ жарып тұр. Ол қазақ оюымен безендірілген түрлі көйлек, белдемше, жеңсіз секілді сәнді киімдер тігеді. Қолжетімді бағада тұтынушыға ұсынады. Жанатқа киімге тапсырыс берушілер қатары күн санап артып келеді екен. Әрине бұл қуантарлық жайт. Десе де қызықты адамдар тізімінен желіде танымал болғандары жылт етіп шыға келді. Басына тек сәукеле киген бойжеткен жалаңаш денесімен бейнебаян түсіріпті. Ол ол ма жап жас жігіт те бұдан қалыспапты. Шапанды жартылай киіп, жартылай жалаңаштанып әлеуметтік желіге таратыпты. Енді қарныңыз ашпай көрсін. Ұлттық киімімізді хайп үшін қор қылып жатса, өзгелер бізге не істемек? Өзгелер демекші бірде базарға кілем алуға бардым. Кәнігі қазақ оюы түскен әдемі кілемдер. Алыстан-ақ менмұндалап тұр. Сөйтсем бірі – түрік, бір – Біріккен Араб әмірлігінде тігілген екен. Бағасы да шарықтап тұр. Сатушы қазақ жігіті бұл «турецкий» деп мақтап-мақтап қояды. Көңілім құлазыды. Сонда басқасы қазақ оюын емін-еркін пайдаланып жүргенде біз ай қарап отырамыз ба?  Күнделікті арналардан көрсетіліп жүрген үнді телехикаяларын жарыса көретініміз қаншама?! Осы арқылы олар ұлттық киімімен қоса салт-дәстүрін өзге елге дәріптеп отыр. Оны көріп мәзбіз, салтын жаттап та алдық. Бұл – трагедия ғой.
Жақын күндері қазақтың Жаңа жылы болады. Осы сәтте сандығының түбінде жатқан жеңсіз-көйлегін жұрт шығара бастайды. Тек бір күнге ғана киіп көрсетіп, шаң басқан жерге қайта салады. Осыдан-ақ ұлттық киімді Ұлық мерекеде ғана іздейтініміз білінеді. Рас қой?!
Түйін.
Бірде Абылай ханға алтын жіппен тігілген, қатпарлы ою көмкерілген шапан сыйға келеді. Мұны хан қабылдамастан-ақ келген жеріне қайтарып жібереді. Аң-таң болған қолбасшылары себебін сұрағанда біраз ойланып қалады. Шапандағы ою ханға өлім тілесе керек. Көрдіңіз бе, тіпті әр оюдың да өзіндік мәні барын. Осыдан-ақ атадан аманатқа қалған ұлттық құндылығымызды қалайша ұмыт қалдырамыз?!... Ал сіз ұлттық киімді ұлықтап жүрсіз бе?
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
13 наурыз 2019 ж. 2 409 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031