» » АУЫЗ СУДАН ТАПШЫЛЫҚ ЖОҚ

АУЫЗ СУДАН ТАПШЫЛЫҚ ЖОҚ

Елбасы ел-халқының заман талабына сай өмір сүріп, еңбек етуін қамтамасыз етуде «Таза су», «Ақ бұ­лақ» бағдарламаларын өміршең етті. Міне, Мемлекет бас­шынының осындай қамқорлығы аясында жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар Сыр өңірінде де өз жемісін беруде.
2005 жылы ауданда ашылған «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемле­кеттік кәсіпорынның «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы филиалының «Октябрь топтық су құбыры» өндірістік бөлімшесі аудан тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз етуде мінсіз қызмет көрсетуде.
ІІІ Интернационал, Иіркөл, Дүр Оңғар, Төребай би ауылы және Жосалы кенті тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған аталмыш мекеме өткен жылы аудан орталығындағы аудандық аурухананы тәулік бойы ауыз сумен қамтамасыз етуді бастады. Сонымен бірге, Жағалау көшесі бойындағы тұрғын үйлерге ауыз су желісін кіргізіп беріп, ел алғысына бөленді. Сонымен бірге, Ораз ахун, Тоқтаров, Қайнарбаев, Шығыс көшелеріндегі көне су желілері замана талабына сай полиэтилен трубамен ауыстырылды.
– Аймақ тұрғындары ауыз суды республика бойынша ең арзан тарифпен, яғни 1 кубына 30 теңге төлеп отыр. Ал, теміржол бойы желісі ауыз суын пайдаланушылар 1 кубына 55 теңге төлейді. Сонда қараңызшы осы екі желі аралығындағы айырмашылықтың қандай екенін? Осындай жеңілдікті пайдаланып отырған аудан тұрғындарына біздің де ренішіміз бар. Неге? Кейбір ағайын көшедегі құдықтың қақпағын ұрлап кетіп жатса, кейбірі құдықтың ішіне түсіп, су желісін тесіп, одан аққан сумен малын суаруда. Бұл мекеме қызметкерлерінің жүргізген зерттеуімен анықталған жайт. Осы ретте, ағайынға судың сұрауы бар екенін айтып кеткен де жөн шығар, – дейді бөлімше басшысы Сақтапберген Медеуов.
Ал, «Қармақшы ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы» өндірістік бөлімшесінің басшысы Қанибек Төлеповтің айтуынша, өндірістік бөлімшеде 46 қызметкер, 10 арнайы техника және 4 дизелді электр стансасымен Қармақшы, Ақтөбе, Ақжар, Тұрмағанбет, Алдашбай ахун, Қуаңдария және Көмекбаев елді мекендеріндегі І-ІІ су көтеру насос стансасы арқылы елді мекен тұрғындарын 24 сағат бойы таза ауыз сумен қамтамасыз етеді. Бөлімше бойынша өндірілген су халыққа таратылып, ай сайынғы қаржысы уақытылы жинақталуда. Бөлімше «Арал» СЖКБД филиалына өткеннен кейін, насос стансалары мен елдімекендердің су жүйелеріндегі құбырларға, ұңғыма павильондарына жоспарлы алдын-ала жөндеу жүргізу мен орын алған апаттық жағдайларды қалпына келтіру арналған шикізат-материал, электр тауарлары жеткілікті екен. Сала мамандары тапшылық көрмей отырғанын айтуда.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
«Қармақшы таңы».
15 ақпан 2019 ж. 985 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031