» » ЖАЙЫҢ ҚАЛАЙ, ЖЫЛЫЖАЙ?

ЖАЙЫҢ ҚАЛАЙ, ЖЫЛЫЖАЙ?

Қазақстан – аграрлы мемлекет. Жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орын алатын осындай ұлан-ғайыр жері бар қазақ халқы бақытты. Бүгінгідей тәуелсіздік аспаны астында оның игілігін неге көрмеске, халықты экологиялық таза, адам ағзасына пайдалы өніммен қамтамасыз етпеске? 


Жылыжай кәсібі – дамыған мемлекеттерде бір ізге қойылған. Ол ауыл шаруашылығы саласына өте тиімді. Атап айтқанда, маусымаралық кезеңде баға тұрақтылығын бір деңгейде ұстауға, қыс мезгілінде тұрғындарды жаңа піскен көкөніспен қамтамасыз етуге септігі мол. Ғылым дәлелдегендей, жылыжай температурасы қалыпты жағдайда 25С болуы керек. Мәселен, қияр өсіруде жаз айында 4-5 мәрте суару қажет болса, қыста 2 мәртеден. Тамшылатып, жаңбырлатып суару технологиясы – бүгінде шаруашылықта қол жеткен озық тәжірибе. Оның суды үнемдеуге, өсімдікке ылғалды өз дәрежесінде сіңіруіне пайдасы көп. Сондай-ақ, топырақтың ылғалы мен жылуы және жарықтың түсуі –  өнім көлемі мен өміршеңдігіне ықпалы зор.

Қазіргі кезде ауданда жылыжай өндірісінде ілгерілеушілік бар болғанымен  жергілікті кәсіп иелері жылдың екі мезгіліне ғана күш салады. «Әттеген-айы», біздегі жылыжайлар қыста өнім беруге қауқарсыз. Елдегі жиын-терім аяқталып, қысқа аяқ басқанда жергілікті жылыжай өнімі де тоқтайды. Халық сырттан келетін өніммен азықтануға мәжбүр. Жыл он екі ай дастарқаны жыйылмайтын қонақжай қазекем үшін бұл, әрине пайдалы емес. Сонымен қатар, сабағынан үзілген өнімнің дәрумені өз бойында тұратынын да ескергеніміз абзал.  
– Қазір 2 жылыжайым бар. Бірінің қаржысын – грант, екіншісін «Даму» қоры арқылы алдым. Жұмысты биыл ерте көктемде бастадым. Жақсы өнім болды. Күн суығанша қимылдадық. Күзгі салымда да жаман болмадық. Салат  басуға жарады. Қыста да өнім алуға болар еді. Дегенмен, бәрінің қаржыға  тірелетін әдеті. Қыста жылуға отын, көмір керек. Жылы кезде суаруға ағын су жарай береді. Ал, күн салқындағанда бұл да бір кедергі. Бастысы – жарықтың жоқтығы. Жылыжай көшенің шетінде орналасқан соң ол жаққа жарық жүрмеген. Мүмкіндік болса, біз жыл он екі ай жұмыс істеуге бармыз. Десе де, жарықсыз, сусыз, жылусыз – жылыжайды дамыту мүмкін емес. Газ келсе деп тілеп жүрміз. Екі қолды бос қоюға болмайды. Айтулы мәселенің шешімін табуға қам жасаудамыз. Жалпы, жылыжайдың болашағы зор, – дейді дүроңғарлық Дулат Спандиярұлы.   

Уақыт алға жылжыған сайын ғылым көш бастауда. Оның ішінде, ауыл шаруашылығын оңтайландыру мен дамытуда отандық ғалымдардың еңбегі орасан. Түрлі зерттеудің арқасында ғалымдар картоп, қызанақтың жаңа сортын өндіріске қосуда. Шығыны көп емес, аз уақыт ішінде мол өнім беретін мұндай сорт кәсіпкерге тиімді болары сөзсіз.

– Ғалымдардың пайымынша, ауа райы­ның өзгеруіне байланысты соңғы онжыл­дықта жылыжай өндірісі айтар­лықтай басымдыққа ие болмақ. Сол себептен,  ауданда жаңаша бағытпен заманауи технологияны пайдаланып, оны жүзеге асыру өңір кәсіпкерлеріне мол пайда әкелмек.  Жылыжай өндірісі – Түркістан облысында жеткілікті дамыған. Келешекте жылыжай өндірісін өркендетуде білікті мамандар тартып, кеңес алғанның артығы жоқ. Тіпті, арнайы іс-тәжірибеден өтіп, өңір тұрғындарын жыл бойына көкөніспен қамтамасыз етуге болады, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы Айдана Көздібаева.   

ТҮЙІН:
Расында да, тек кәсіпкерлер ғана емес, көгілдір отынды тұрғылықты халық та көптен күтуде. Көмір тасып, күл шығарудан біржола құтылумен қатар, жылыжаймен айналысып отырған аудан кәсіпкерлері де жылдың төрт мезгілінде қызу жұмыс істеп, кәсібін дөңгелетер еді.

Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК.
«Қармақшы таңы». 
19 желтоқсан 2018 ж. 1 729 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 252

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 352

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930