» » ЖЫЛЫЖАЙЛАРДЫҢ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ?

ЖЫЛЫЖАЙЛАРДЫҢ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ?

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел экономикасын дамыту және халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатындағы сара сая­сатының бірі шағын және орта кәсіп­керлікті дамыту, сонымен бірге осы кәсіп арқылы жұмыссыздыққа тос­қауыл қою. Міне, Елбасының осындай сарабдал саясатын жүзеге асыру мақсатында елімізде кәсіпкерлік саласын дамытуға бағытталған көптеген мемлекеттік бағдарлама аясында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде, жылыжайлар арқылы ауылшаруашылығы саласын өркендетуге барынша мүмкіндіктер жасалуда. Ал, енді осы жылыжай шаруашылығы ауданда қаншалықты дамуда? Осыған тоқталар болсақ, қазіргі таңда аудан орталығында екі, ал Төребай би ауылында бір жылыжай іске қосылып, олар өз деңгейінде халыққа қызмет көрсетуде.
Ауданда осы кәсіппен көптен айналы­сып келе жатқандардың бірі, ауылшаруашылығы саласының ардагері Әбдірей Бөрібаев ағамызды сөзге тарттық.
– Жылыжай арқылы көкөніс пен бас­қа да дақылдар өсіру кәсібін республикамыздың оңтүстік аймақ тұрғындары кеңінен кәсіпке ай­налдырған. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін бұл кәсіп сол аймақ тұрғындары үшін пайда көзіне айналды. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысы жыл бойы барша қазақстандықтарды көкөніспен қамтамасыз етуде. Соңғы уақыттары біздің де аймақтан осы кәсіп түрімен шұғылданушылар саны көбеюде. Бұл-қуантарлық іс.Осыдан екі-үш жыл бұрын мен де отбасыммен ойласа келе, жылыжай салып, оған қияр мен қызанақ ектім. Нәтижесі жаман болмады. Біршама өнім алып, оларды аудан орталығындағы сауда орталықтары мен шағын дүкендерге өткіздік. Табыс та жаман емес. Тапқан табысымыз арқылы жылыжайымызды заманауи үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықтап, өткен жылы да жақсы өнім алдық.Енді күн көзі жылу бере салысымен, яғни ақпан немесе наурыз айларында қияр мен қызанақ, сонымен бірге көкшөп сияқты дақылдарды егуді бастаймыз. Жерін де, тұқымдарын да күзде дайындап қойдық, – дейді кәсіпкер.
Сөз кезегінде, осы кәсіпті қолға алып, бүгінде біршама жетістіктерге қол жеткізген кәсіпкер Ербол Ешмұратовпен сөйлескенбіз.
– Өткен жылы Жосалы кенті аумағынан 1 гектарға жуық жерге жылыжай салып, оны заман талабына сай құрал­дар­мен жабдықтап, қияр мен қызанақ ектік. Еңбегім еш кетпеді. Көктемде және күзде ауыз толтырып айтарлықтай өнім алдым. Сонымен бірге, тәжірибе ретінде  гүлдің бірнеше түрін егіп, олардан да жақсы шығым болды. Бүгінде екі адамды осы жұмыспен қамтыдым. Қазіргі таңда кезекті егілімге дайындалып жатырмыз. Күн көзі қалай жылынады біз де іске кірісеміз. Биыл тәжірибе ретінде цитрусты жемісті де егіп көрмекшіміз, – дейді Ербол Ешмұратов.
Ал, енді осындай игілікті істі өз ауылдарында қолға алған №199 орта мектептің тәжірибесі жайлы айтар бол­сақ,  өткен жылы Біріккен Ұлттар Ұйы­мы­ның қолдауымен «Даму» бағдарламасы аясында «Руханият» қоры арқылы жүзеге асырылған, яғни аталмыш мектеп жанына салынған жылы­жайдың көлемі 1.4 сотық.
– Жыл көлемінде жылыжайға екі рет, яғни жазда және күзде қияр мен қызанақ, редиска және көкшөп егіп, сол еккен көкөністерімізден жақсы өнім алдық. Мектеп асханасын өзіміз өндірген өнімдермен қамтамасыз еттік. Алдағы уақытта, наурыз айында осы көкөніс түрлерін егуді бастаймыз. Бүгінде егін егуге қажетті тұқымдар мен құрал-жабдықтарды дайындап қойдық Осы жұмыстарды атқаруға арнайы маман да бөлінген, – дейді мектеп директоры Света Жалғасбаева.
Ерінбей еңбек еткен адам қашанда өз мақсатына жетеді. Бұл – ақиқат.
                                                                                      Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.
30 қаңтар 2018 ж. 1 448 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031