ҚАРА СИҚЫР: ҚҰДІРЕТІ МЕН ҚАУПІ ҚАНДАЙ?
Ғаламтордың бетіН ақтара қалсаң «бал ашамын» деген жарнамадан көрінбейді. Қалада көше бойын жағалай отырған құмалақшы, бақсы-балгерлерді көреміз. Тіпті, ауылдың өзінен де мұндай қасиет иесі табылады. Мұны көріп, «жұрттың бәрі «білгіш» боп кеткен бе?» деген ойға қаласың. Жалпы, бал ашудың да түрлері көп. Мәселен, картамен бал ашу. Бүгінгі қаузайтын әңгіменің төркіні де осы болмақ.
Аңқау елге арамза молда
Бүгінде саңырауқұлақтай қаптаған балгерлердің қызметіне жүгінетіндер де жетіп артылады. Бірі өз өміріндегі болашағын білгісі келсе, бірі жоқ іздейді, бірі туғанына, бірі туысқанына бал аштырудан тайсалмайды. Ал, енді бірі дуалатады немесе дуаны қайтарады. Ол өтірік айтып отыр ма, әлде сөздері шындыққа жанаса ма, онымен шаруасы жоқ, бастысы, иланып келген бақсысымағы оған аузы жабылмастан болмашы нәрселерді айта береді, айта береді. Ал, оны тыңдап отырған адамның шыдамының шегі жоқтығына қайран қаласың.Сиқыр арқылы болашақты көру талпынысының тамыры терең. Бұл үшін қолданылған әртүрлі әдіс туралы Ежелгі Мысыр, Греция, Ежелгі Римнің манускриптерінде кездеседі. Оны сол кезеңдегі тасқа қашалған суреттер дәлелдейді. Жалпы картамен бал ашудың құмалақ салу немесе өзге бал ашудан айырмашылығы айдан анық. Мұнда картаны қолыңмен түртіп жібересің. Болды. Ендігі кезек картадағы суреттер сөйлейді. «Аздап бүйрегің, асқазаның ауырады, ол салқын тигеннен және әр нәрсені ойлап, дұрыс тамақтанбағаннан» деп те денсаулығына нақтама «тауып» береді. Тіпті, оны емдеймін өзіме кел дейді. Оған төлер қаражысы да аз емес. Ал, бұл рас па, жоқ па оны бір Құдай ғана біледі. Өкініштісі, біреудің өмірін болжауды бизнеске айналдырып алғанымыз.
Оқи отырыңыз |
Қасиет пе, қасірет пе?
Бұл сұрақ бізді де бей-жай қалдырмады. Көрші-көлем, таныс-тамырдың сілтеуіне сүйеніп бірнеше балгерлерді сынамаққа жол тарттық. Ұялы телефонымды жоғалтқан сыңай танытып бірнеше сұрақтарымды қоя бастадым. Алдымен ол есімімді сұрады. Сонан кейін белгісіз әлеммен байланысқа түскендей болды. Ал, мен тапжылмастан жауабын күтіп отырмын. Картасын тізіп қойды да кенет көзінің қиығымен қарап, әңгімесін тәптіштеп айта бастады. Айтқаны сенімсіз демеймін, бірақ жағдайды жобалады. Сенімсіздік сейілген сыңайлы. «Бұл жерге тек сеніммен келген лазым» деді ол. Не айтарымды білмей біраз абдырап қалдым. Өзімнің отбасым жайында, болашағымды болжауын сұрадым. Бірақ, мен жайында мүлдем ақпарат шықпады. Себебі, сенбеген адамға солай болады екен. Көпшіліктің пікірінше бұл балгер барлық нәрсені айна қатесіз айтып береді-міс. Болашағымды да болжайтынын айтып, есік алдына дейін шығарып салды. Мүмкін қасиет шығар, кім білсін. Бірақ, арты қасіретке соқтырмаса болғаны.
Дін не дейді?
Ислам дінінде бақсы-балгерлердің айналысатын істеріне тыйым салынған. Мәселен, егер бақсы емдеу шараларын ешкімді серік етпей тек Алланың атымен ғана, яки Құран аяттарын оқып дем салатын болса, онда оған рұқсат. Ал, жын-шайтандар мен өлілер арқылы емдеу шариғатта тыйым салынған іс. Өлілермен сөйлесу, жын-шайтанмен дос болу немесе оның көмегіне жүгіну, ажалдан арашалап қаламын деп Алладан басқа өзгеден медет сұрау, ертеңгіні болжау, сәуегейлік, Алланың атынан басқа біреуге сыйынып бұлт шақырып жауын жаудыру, аспаптар арқылы көңілді әуенмен адамды алдап-арбайтын әуез ойнау, көз алдында ғажайыптар жасап сиқыр көрсету, арбаушылық түрлерінің бәрі де исламда түбегейлі тыйым салынған.
«Жын» сүресінің 26-27 аяттарында «Алла Тағала ғайыпты ешкімге білдірмейді, оның сырын ешкімге ашпайды…» – деп, баяндалған.
Алла Тағала тіпті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарға Өзінің қалауынсыз тағдырды өзгертуге болатындай мүмкіндік бермеген. Алла Тағала бұл жайында «Әғраф» сүресінің 188-аятында былай дейді: «Мұхаммед (с.ғ.с.) айт: «Алла қаламайынша, өзім үшін пайда, зиян келтіру күшіне ие емеспін. Егер ғайыпты білген болсам, әлбетте жақсылықты көбейтіп алар едім. Сондай-ақ, маған бір сәтсіздік жұғыспас еді. Мен иман келтірген елді ескертуші және қуантушы ғанамын».
Хадисте бұл жайында: «Кімде-кім сиқырға ұшыраса, ол өзіне Алланың сынақ жібергеніне және одан құтылу да Алланың қолында екеніне мықты сенімі болуы тиіс. Алла ауруды жаратумен бірге оның емін де жаратқан» (Бұхари), – делінген.
Құранда сиқырды үйреніп, сиқырмен айналысып тура жолдан тайған Сүлеймен пайғамбардың (а.с) қауымы жайында баян етіледі. Онда: «Олар Сүлейменнің мүлкі (кітабы) деп, шайтанның азғыруына ерді. Бірақ, мұнымен Сүлеймен кәпір болған жоқ, керісінше, адамдарға сиқыр үйреткені үшін шайтандар кәпір болды. Мұны олар Бабиладағы Һарут, Марут деген екі періштеге келген сиқыр деп уағыздайды. Ол екі періште «Біз адамдарға іріткі салып, сынап бағу үшін келгенбіз, бізге қарап кәпір болмаңдар» деп айтпайынша ештеңе үйретпейтін. Ал, олар бұл екеуінің ең әуелі ерлі-зайыптыларды ажырататын сиқырды үйренетін еді. Бірақ, онымен де Алланың рұқсатынсыз ешкімге зиян келтіре алмайтын...» (Бақара сүресі, 102-аят), – деп жазылған.
Исламда жақсы мен жамандық Алланың белгілегеніндей болатындығына сену иман шарттарының негізі. Адамдардың сиқырға ұшырауы да Алланың ықтиярымен ғана болатынын білген жөн.

Түйін: Емшілік, сәуегейлік, бақсылық, көріпкелдік сынды қасиет иелерін аңыз-әңгіме, ертегі мен қисса-дастандардан, жырлардан жиі оқимыз. Өмір есігін енді ғана ашқан сәбидің болашағын болжап, ертеңгі күні батырға айналатыны бойында қасиеті бар дуалы ауыздан тараған. Қазақ халқының түсінігінде жан-жануарға, аспанға қарап ауа райын болжаған. Түсін жорып не болатынын айтып, жақсылыққа балаған. Ғалымдардың айтуынша, ол кезде қазіргі көріпкелдер сияқты қартамен немесе тамыр ұстап, адамның тағдырын шешетін «делдалдар» болмаған. Ал қазіргі таңда адамның сенімін табыс көзіне айналдырып жүргендер де аз емес. Бірақ, алдымен Аллаға, сонан соң өзіңе сенген әлдеқайда дұрыс шешім.
Ая ӘЛИЕВА,
«Қармақшы таңы».