Иттің жайы «хит» болып тұр
Мезгіл мәселесі
Таяуда досымның үйінің бүкіл аяқ киімін көршінің иті тасып әлекке түскен. Ит иесі ауласын қоқысқа толтырған үй жануарын әп-сәтте аттырып тастапты. Тарс еткен бір дауыс... Бітті, жануарың жан тапсырды. Алайда, айтпағымыз бұл емес. Бір жиында аудан әкімі С.Мақашов: «Қаңғыбас иттер вокзалды торуылдап жүр» дегенге саятын мәселенің бір ұшын шығарған-ды. Рас, түтінін будақтатып поезд тоқтай қалса, шойын жолдың бойында ит-керуен пайда болады. Жүрдек көлік жүріп кеткенде әлгілердің бірін де таппай қаласыз. Жарықтық, бұл не сиқыр?!
Ашығын айтсақ, сиқыр дейтін дәнемесі жоқ. Жай қаңғыбас иттер. Өткен-кеткенге қол жайып, қайыр тілеген жандай алақанын жаймаса да жолаушылардан қалған-құтқанды талғажау етуді әдетке айналдырған. Аудандағы көзге шыққан сүйелдей болатын көріністерді «айтқызбай істейтін» бөлімдердің «қалғып» отырғаны бет қызартады. Тұспалдай бермей, төтесін айтсақ, өткен жылы 1609 ит, 48 мысықтың көзі жойылды дейді аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Асылбек Қалжанов.
– Жұмыс атқарылып жатыр. Қаңғыбас иттердің көзін жойып, кейбіреуін құжаттап жатырмыз, – дейді бөлім басшысы.
Қош, атып жатыр, аулап жатыр, ал оған өткен жылы бөлінген қаражат 2 миллион 818 теңгені толығымен игеріпті. Ал, биыл бұл қаражат сәл-пәл артып 2 миллион 987 мың теңгеге көтерілген. Бөлінген қаржының «мерейін шығарып» биыл 647 ит, 28 мысық ауланып, жойылып, 489 ит құжатталған. Әлі жыл аяқталуға жеті ай бар. Ит ауланып, ауыл-аймақта да жою шаралары жүргізіліп жатыр екен, бірақ қаңғыбас иттердің қайдан шығатынын бажайлай алмай отырмыз.
Көпқабатты үйдердің өжіресін масадан арылтуға бөлінген қаражатты естіп-білген көкеміз «Айналайын-ай, сол ақшаны масаларға берсе, өзі-ақ кетіп қалар еді ғой» деген екен.
Бюджеттің бүйірі томпайған сайын бөлінер қаражат та ұлғайып келеді. Бірақ, ит таусылып қалса, мамандар жұмыссыз қалатындай сезіне ме, жоқ әлде басқа себеп бар ма, вокзалдағы иттер әлі жүр.
– Біз иесіз, көшеде жүр деп атып жатқан иттердің көбінің иесі бар. Тек олар жеті қазынаның бірін байламайды. Соның салдарынан көшедегі жұрттың мазасын алады. Бұл ретте тұрғындардың да жауапкершілігін арттыру керек сыңайлы, – деп қалды сөз арасында бөлім басшысы.
Жеті қазынаның бірі деп, адамның досына айналған үй жануарын осынша пұшайман күйге түсіріп, көше кездіретін өзімізге де обал жоқ-ау осы. Әп-әдемі үйге байлап, асыраса «Найза күзеттен» де асып түсетін күзетші екенін біреу білсе, біреу соған тереңдей алмай тағы жүр. Салдарынан қаңғыбас иттер күшейіп, оған қарсы ветеринария бөлімінің «мергендері» мылтықтарын асынып оқ атуда. Амал жоқ, көнеміз де. Әйтпегенде, дос дегенің өзіңе атылып, ақылдан алжаса қалса, шабуылдап мазаңды алары анық.
ТҮЙІН.
Жаман иттің атын Бөрібасар қоятын қазақ мезгіл мәселесін өзі қалыптастырып алатын болды ғой бұ заманда. Тәйірі, егер де әркім өз итіне мығым қарап, дала кездіріп жібермесе, қаңғыбас ит те қара көрсетпес пе еді, кім білсін?! Қоқыс арасында күшіктеп, көбейіп жатқан иттердің ұясын бірер жылда-ақ жоқ қылуға болар еді... Ал, біз жыл сайын қаражат бөліп, оны игеруге құмармыз. Ал сіз қалай ойлайсыз?!

Дәулет ҚЫРДАН,
«Қармақшы таңы».