» » 41 ҚҰМАЛАҚ СӨЙЛЕЙДІ, СӨЙЛЕГЕНДЕ НЕ ДЕЙДІ?

41 ҚҰМАЛАҚ СӨЙЛЕЙДІ, СӨЙЛЕГЕНДЕ НЕ ДЕЙДІ?

Құмалақ ашу – халық арасында әлі күнге екіұдай пікір тудырып келе жатқан дүние. Бірі оны – қоштаса, енді бірі – Аллаға серік қосу деп ойлайды. Жалпы құмалақшылық қалай пайда болды? Неге ол осы уақытқа дейін өзінің қадірін жоймай келеді? Көне заманнан бері жалғасып келе жатқан құмалақ ашу өнерінің ғылыми сипаты бар ма?
Көнекөз қариялардың пікірінше, бұл – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан сәуегейлік. Көпшілік құмалақшыны кейде «балшы», «балгер» деп те атайды.
Бал ашу – астрономиялық, астрологиялық болып екіге бөлінеді. Оның ішінара бөлінетіні тағы бар. Мәселен, геомантия – жердегі өзгеріс пен қимыл-қозғалыстарды болжаса, хиромантия – алақан сызығы арқылы анықтайды, ал арифмантия – нақты есеп болжамына сүйенеді.
Жұртшылық хиромант, жауырыншы, тамыршыға қарағанда, құмалақшыға көбірек сенеді. Қырық бір құмалақтың болжамына иек артады. «Қырық бір құмалақ – Данияр Пайғамбардан қалған мұра», – деген екен кезінде Шығыстың шоқ жұлдызы Шоқан Уәлиханов. Сол айтқандай, құмалақ ашу – Орта Азия, Үнді, Иран, Тибет елдерінде де кездеседі. Тәуелсіздік алып, тыныштық тұғырына қонған Қазақ елінде де атадан келе жатқан өнерге қызығушылық танытып, сырын ашуға тырысқан ғалымдарымыз көбейді. Олардың қатарынан қырық бір құмалақтың құпиясын зерттеген академик Ақжан Машанов, этнограф-ғалым Тоқтасын Өмірзақов, жазушы Мағира Қожахметовалардың есімін атауға болады.
Ертеден-ақ қазекемдер тіршіліктің қалыптасуын үшке бөліп қараған. Сонау бақсылық кезеңнен қазіргі ғылыми негіздемеге мән берер болсақ, адамның жаны, рухы, ойлау санасы – жоғары әлемнен болса, тәні – ортаңғы әлемде жаралады, ал өмірден өткенде тәні төменгі әлемге беріледі. Аталған ғылыми негіздемеге сүйенсек, құмалақтың шығу тегі де үш әлеммен қоса, жеті ғаламға, жеті қат көк пен жеті қат жерге де байланысты. Қырық бір құмалақтың үшке бөлініп ашылуы – жаратылыстың тігінен үшке бөлінуіне негізделеді. Қырық бір құмалақтың үшке бөлінген әрбір тобы төрт санына мүшеленеді. Бұл жаратылыстың көлденеңінен төртке бөлінуіне қатысты. Енді құмалақты үш ретке бөліп, төрт мүшелеген соң тоғыз топтан құралған құмалақ тізбегі шығады. Бұл – әлемнің тоғыз қат көк немесе тоғыз өлшем бірлігіне сай келеді және қырық бір құмалақтың сандык сипатын құрайды. Негізінен, құмалақшылық – тұқым қуалайтын қасиет. Құмалақ ашуды үйренуге не үйретуге болар, әлбетте табиғи дарыны болмаса, сандық модельдің сырын білмесе – тек жобамен жорамалдаушы ғана болады. Өкінішке орай, «Аңқау елге – арамза молда» демекші, құмалақтың сыры мен қырын білмейтін, тек пайда табуды көздегендерге адамдардың жиі алданып жататыны бар.
Болашағымызды бал аштырып бағалағанымыз дұрыс па? Одан бақ табамыз ба? «Аңдаусызда ыстық пешке күйіп қалғаннан» рухани жан дүниемізді дамытқанымыз жөн бе? Құмалақшыға барып: «Болатын іс пе, болмайтын іс пе?» деп тылсымнан «көбелек» қуалағанша, көзге көрінетін, қолмен ұстайтын іс істеп, келешегімізге жауаппен қарағанымыз қалай болады? Сіз бұған не дейсіз, көзі қарақты оқырман.
Сәрсенкүл АҚКІСІ
03 қыркүйек 2018 ж. 11 168 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031