» » Ташкентте бейнелеу және қолданбалы өнер фестивалі өтті

Ташкентте бейнелеу және қолданбалы өнер фестивалі өтті

Көрмеде шығыстың қайталанбас қолөнері мен халықтық және заманауи сәндік бұйымдар қойылған. Дәстүрлі шарада жастарға белгілі суретшілер мен дизайнерлер шеберлік сабағын жүргізді. Фестивальға жалпы Өзбекстанның 14 облысынан жүздеген шебер қатысты. Онда қолөнерден бастап, ағаштан жасалған бұйымдар, бейнелеу мен кескіндеме шығармашылық композиция және қолданбалы өнер коллекциялары қойылды. Дәстүрлі шара аясында түрлі бағыттағы көрмелермен ұлттық киімдер дефилесі және концерттер ұйымдастырылды. Ашурмат Мамасалиев, «Тұран» академиясының академигі, суретші-шебер: - Бізге бұйым жасауда ешқандай құрал-сайманның қажеті жоқ. Бес саусақтың өзі таптырмас аспап. Топырақтың өзі алтын, одан жасалған бұйымдар да алтыннан кем болмайды. Бұлардың барлығы ата бабадан мұра болып келе жатқан дүниелер. Ұлттық құндылығымызды көрсететін бұйымдар. Ташкенттегі дизайн колледжінің тәлімгерлері бұл фестивалға ерекше дайындықпен келіпті. Қолының қиюы бар ұстаздан тәлім алып жүрген шәкірттер ағаш бұталарына өздері жасаған ірілі ұсақты қыш құмыраларын ілген. Зуфарбек Набиев, тәлімгер: - Құмыраны жасаған кезде көбіне сыртқы келбетіне мән береміз. Оның аузын жіңішке және ұзын етіп шығару үішін көп еңбек ету керек. Егер сыртқы пішінін өзгерткіңіз келсе бастапқы нобайын дұрыс жасау керек. Сонда құнды дүние шығады. Фестивальға Ташкенттегі мектеп оқушылары да қатысып сүйікті қалалары мен Отан тақырыбында әртүрлі сурет салды. Шеберлер көрмені тамашалай келген жұртқа ұсталық өнердің қыр-сырын көрсетіп, тіпті кейбірінің мүсінін жасады. Садбарой Юлдашева, болашақ дизайнер: - Шығарманы орындамас бұрын оның нобайын қағазға сызып аламыз. Сосын сол композицияға қарап жіптерді дайындап қажетті құралдармен тоқимыз. Жәрмеңкеде көпшілік ұлттық қолөнермен қатар қазіргі заманғы өнер мен театр синтезін көруге мүмкіндік алды. Яғни жаңа өнер иелері әр түрлі ырғақта билеп жүріп, бояуларды шашу арқылы сурет салынады. Бояулар айқыш-ұйқыш шашылса да, оның көркі еріксіз көздің жауын алады. Жалпы фестивальде өзбекстандықтардың атадан балаға мұра болып жалғасып келе жатқан қайталанбас ұлттық өнері дәріптелді.

24.kz
21 сәуір 2018 ж. 1 677 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 023

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031