» » » Көрме арқауы – ажарлы Астана

Көрме арқауы – ажарлы Астана

Алматыдағы Метрополитенде көрме өтті. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астананың 20 жылдығына арналған көрмеге тарихи, заманауи тақырыптағы картиналар мен мүсіндер қойылды. 
Көрмеде Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының мектеп-интернат, колледж және «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің профес­сор-оқытушылары мен студенттерінің әр алуан тақырып­тағы еңбектері көпшілік назарына ұсынылды. Іс-шараның мақсаты мен мазмұны жайында Өнер академиясының Тәрбие ісі жөніндегі проректоры Шыңғыс Құлбекұлы:
– Жолдауда айтылған рухани құндылықтарды қара­па­йым тілмен емес, өнер тілімен насихаттауды мақсат тұт­тық. Барша адамзатқа ортақ өнер тілімен жеткізе білу – үлкен жауапкершілік. Әлемге танымал суретшілеріміздің көрмесі тек ел ішімен шектеліп қалмайды. Италияда, Францияда осындай көрме өткіземіз. Айта кетер жайт, көрмеге барлық жерде дәл Алматыдағыдай жағдай жасала бермейді, – деді. Жыл сайын метрополитен аумағында отызға жуық түрлі мәдени-көпшілік іс-шара өткізіледі. Кескіндеме, мүсін және дизайн факультетінің деканы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Бауыржан Нұрбекұлы көрмені музейде емес, жол торабында өткізудің өзіндік артықшылығы бар екенін тілге тиек етті.
– Көрмеге қойылған өнер туындылары сан түрлі тақырыптарды қамтыды. Қазір ақпараттың, жарнаманың заманы. Қарбалас тіршіліктен қолы босамайтын қала тұрғындарында уақыт тапшы. Метрополитенде көрме өткізгендегі мақсатымыз – мың қатпарлы жер астымен жол жүретін жолаушыларға ерекше көңіл-күй сыйлау. «Бұлақ көрсең, көзін аш» дегендей, жас таланттарды елге таныту. Көрмеге елдігімізді танытатын, ерекшелігімізді айқындайтын таңдаулы картиналар қойылды. «Астана ардағым» байқауында үздік деп танылған таңдаулы туындылардың дені – біздің шәкірттердің еңбегі. Атап айтқанда, Қазақстанның «100 жаңа есім» жобасында үздік деп танылған Анар Әбжанованың еңбектерінің өзі бір төбе. Оның шығармашылығының басты ерекшелігі – тақырыптарының сан түрлілігі, алуан түсті бояуды құбылта білетіндігі. Ол 2001 жылдан бері республикалық, халықаралық көрмелерге қатысып жүр. Халықаралық өнер бәйгесінің жүлдегері. Туындылары Қазақстан, Италия, Швейцария, Франция, Түркия, АҚШ, Жапония­да жеке коллекцияларда сақталған. Оның Лувр музейіне қойылған еңбектері әлем суретшілерін таңғалдырған. Біздің талантты суретшілеріміздің әрқайсысының орны бөлек. Әсіресе, жастардың бейнелеу өнерін тың тақырып­тарда дамытып жатқандығы қуантады. Болашақтың тізгіні жастардың қолында, – деді.
Алматыда көрме атаулы жиі өтеді. Бірақ бұл көр­ме­нің артықшылығы – көркемөнердің барлық сала­сын қамтуға бағытталғандығында. Кескіндеме және мүсін кафедра­сы­ның меңгерушісі, профессор, Көр­­к­емсурет академия­сының академигі Болат Тұрғым­баев­тың айтуынша, тарихи тақырыптағы көрмелерді өткізу­дің маңызы зор.
– Көрме Астананың 20 жылдығына арналады. Көпшілік назарына кейінгі 5-6 жыл көлемінде салынған картиналар, мүсіндерді ұсындық. Сурет, мүсін өнерінің әр бағытын қамтыдық. Бірі Астананың көріністерін, енді бірі Елбасының бет-бейнесін арқау етті. Өнер өз заманымен бірге дамиды. Қазіргі жастар интернет арқылы шетелдегі жаңалықтардан жан-жақты хабардар. Бір қуантарлығы, қазіргі жастар жаңаша ойлайды. Шәкірттеріміздің жаңашылдыққа ұмтылысы ерекше, – дейді ол.
Көрмедегі ең көрнекті тақырыптық туындының бірі – «Елбасы» картинасы. Суретші Дәурен Бекназар картинаға бүгінді кезеңді ғана емес, келешекті бейнелеген. «Картинада тәуелсіз ел өмірінің ең жарқын сәттерін қамтуға тырыстым. Өткен тарихты бейнелеумен қатар Елбасының болашақ үшін жасаған жоспарларын да бейнеледім. Келешек ұрпақ үшін жасалған жұмыстарды насихаттасам деймін. Тәуелсіздіктің әрбір жылы тарих. Мақ­сатым – Елбасының тұлғасын жан жақты етіп наси­хаттау. Сондықтан картинаның атауын «Елбасы» деп ата­дым. Президент бейнесінің төңірегіне Астананың ең сәу­летті ғимараттарының бәрін бір картинаға сыйдыру әрине, мүмкін емес» дейді «Елбасы» картинасының авторы.
Көркемөнердің хас шеберлері Б.Досжанов, Ж.Қайрамбаев, Қ.Оспанов, М.Жүнісбаев, Б.Тұрғынбай, Б.Байділда, С.Тайнов, А.Әбжановалардың өнер туындылары ерекше. Көрмеге келушілер, әсіресе Б.Бай­діл­даның «Батыр Бауыржан», Б.Досжановтың «Керуен», Ұзақбай Асыланның «Бақсы», Дәурен Бек­назардың «Елбасы» еңбектеріне ерекше қызығушылық танытты.
06 ақпан 2018 ж. 1 939 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 018

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031