» » МҰСТАФА ШОҚАЙ КӨШЕСІ

МҰСТАФА ШОҚАЙ КӨШЕСІ

1997 жылдың 9-шілдесінде аудан әкімі Жақай Бодықбаевтың Қармақшы ауданы орталығы Жосалы кенті мен барлық елді мекендегі көше атауын өзгерту туралы №475 шешімімен бұған дейін Мир аталып келген көше мемлекет қайраткері, Алаштың ардақты ұлы Мұстафа Шоқай атауымен өзгертілді.Басы теміржол өткелінен басталып, аяғы Абыт көліне дейін жететін көше бойында тұратын тұрғындарға «Керемет», «Керуен», «Ербол», «Мағжан» сынды сауда-саттық орталығы мен «Қазпоштаның» бөлімшесі, сонымен бірге «Автобөлшектер», «Шаштараз» сияқты кәсіпкерлік қызмет көрсету мақсатындағы нысандар тұрғындарға сапалы қызмет етуде.
Мұстафа Шоқай –1889 жылы – Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылында дүниеге келген. Ол өсе келе Сұлутөбе стансасындағы орыс мектебінде білім алған соң, 1902 жылы Ташкенттегі гимназияға түсіп, оны үздік бітіріп шығады. Ал, кейіннен 1910 жылы Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне оқуға түсіп, оны 1917 жылы тәмамдайды. Студенттік өмірінен қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, түркі-мұсылман студент жастарының қозғалысына қатысады. 1916 жылы Ә.Бөкейхановтың ұсынысымен мемлекеттік думадағы Мұсылман фракциясы жанындағы бюроға мүше болып, онда хатшылық қызмет атқарады.
1917 жылы сәуірінде Ташкентте өткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының І- съезіне қатысып, оның төралқасына мүше болып сайланады. Сондай-ақ, «Бірлік туы» газетінің алғашқы редакторы қызметін атқарады. Түркістан өлкесі жергілікті халқының мүддесін қорғауды мүдде еткен қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметін үйлестіру үшін құрылған «Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесіне» басшылық етеді. 1917 жылы қарашада өткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының төтенше IV-съезінің төралқасына басшылық етеді. Ол осы съезд шешімімен құрылған Түркістан (Қоқан) автономиясының 54 адамнан тұратын Уақытша Халық Кеңесі құрамына сайланды және Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметін атқарады. Уақытша үкіметінің төрағасы М.Тынышбаев жұмысынан босатылғаннан кейін оның орнына сайланады.
1918 жылы Қоқан қаласын большевиктер жаулап алған соң,Түркістан (Қоқан) автономиясын жойылуына байланысты Мұстафа Шоқай зайыбы Мариямен Ақтөбеге, одан Екатеринбургке қоныс ауlарады. Содан кейін, яғни1920 жылы Тбилисиде украиндықтармен бірлесе жүріп, «На рубеже» журналын шығарады және оның редакторы болады. Сонымен бірге, ол «Шафақ» («Таңсәрі») газетінің бас редакторы болса, Тбилиси қаласы Кеңес өкіметінің қолына өткен соң Мұстафа Шоқай зайыбымен бірге Түркияда біраз аялдап, соңынан Францияға ауысады. 1927 жылдан Зәки Уәлиди Тоғанның редакторлығымен Парижде шығатын «Иени Түркістан» журналына атсалысып, «Туркестан милли бирлиги» («Түркістан ұлттық бірлігі») ұйымына жетекшілік етеді.
Ал, екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда, яғни 1940 жылы Парижге неміс фашистері әскері кіргенде Мұстафа Шоқай тұтқынға алынып, бірнеше ай бойы фашистік Германия әскерінің концлагерінде тұтқында отырады. Түрмеден босаған оны неміс-фашистері түркістандық соғыс тұтқындарынан құрылуға тиіс Түркістан легионын ұйымдастыруға тартады. Алайда, Мұстафа Шоқай бұл ұсынысты соғыс тұтқындарының жағдайын жақсарту үшін пайдалану жолдарын қарастырып, нақтылы әрекетке барады. Бірақ көп ұзамай Мұстафа Шоқай Берлиндегі «Виктория» ауруханасында күмәнді жағдайда көз жұмып, қаладағы мұсылмандар зиратына жерленеді.
Бүгінде қазақтың қайсар ұлы, ел үшін жанын пида еткен ұлт арысы Мұстафа Шоқайға Алматы қаласында және еліміздің басқа да қала, елді мекендерінде оның есімімен аталатын көше берілді. Сонымен бірге, Қызылорда қаласындағы Экология университетіне Мұстафа Шоқай есімі берілген. Қайраткердің туған өлкесіне ескерткіші қойылған.
18 шілде 2018 ж. 2 383 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 031

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031