» » «ТӘЙТ!» ТӘРБИЕ БАСЫ ЕДІ

«ТӘЙТ!» ТӘРБИЕ БАСЫ ЕДІ

Қазіргінің баласы қайда барады? Болашақ мақсаты қандай? Бұл сауал төңірегінде әртүрлі жауап қатуға болады. Алайда біздің айтарымыз бүгінгі ұрпақтың тәрбиесі төңірегінде. Себебі смартфонға байланған балаларымыздың келешегі қазірден алаңдатуда. Сұраққа тиісінше жауап іздеп, салдарын таразыламас бұрын себебін анықтайықшы.
Қазір желі деген жақсы болды. Талай жұрт желіге желпініп елітіп жүр. Көргенін істеп бағуда. Соның ішінде дені жастар. Жын қуғандай аласұрады кеп. Әсіресе тренд деген жақсы болды, бір-бірінен көрген құйтырқыны қайталауда. Қайталап қана қойсайшы, ең сорақысы бірін-бірі аяп жатқан жоқ. Бесіктен белі жаңа шыққан жасөспірімдердің тентек видеолары әлеуметтік желіде қаптап кетті. Нақтысын айтқанда, өз қатарласына немесе өзінен кішілерге үстемдік жүргізіп, атой салуда. Мұның бәріне себеп, отбасындағы тыйымның осалдығы.
Қазақта «Тәрбие – талбесіктен» деген жақсы сөз бар. Мұны біз емес, бізге дейінгілер айтқан. Қазақтың кескін-кел беті, болмыс-бітімі осы қоғамдық институтта қалыптасады. Көпке топырақ шашты дей көрмеңіз. Қазір отбасындағы әке-ана, ата-әже, туғантуыс дәрістерінің жөнді берілмеуі ұрпақты ұрын дырып жүр. Соның ішінде әке тәрбиесі әлсіреп кет кендей. Бұрын ғының қаза ғының басты тәлімі әке еді. Бүгінгі таңда ерлердің тәлімі тентіреп жүр гендей. Себебі қоғамда отбасын емес, өз басын әрең алып жүрген замандас жетеді. Мұны жаһанданудан көрудің түк мәні жоқ. Бұрын тәрбиенің басы «тәйт» еді, оны тыйып қойдық. Қойғанда жеткеніміз осы болды. Үйде отырып бала тапқан қыз, әкені сабаған ұл, ананы бетінен алған бойжеткен, отбасын қастерлемеген бозбала... Ал енді тәйттің қажетті жерін тарқатып айтсақ, «тәйт, жаман болады!». Бұл тәртіпсіздік жасағанның тыйымы еді. «Тәйт, ұят болады!». Ерсі қылықтың тыйымы бұл. «Обал болады!». Алдына «тәйтті» салмаса да барын біліп, қиянат жасауды доғарушы едік. Өйткені «тәйт» талапшыл, тәртіпшіл, қатқыл әкенің сөзі еді.
Қазір ұятты, обалды, жаман боладыны былай қойып, «тәйтті» ұмыттық. Енді елдің ертеңі қалай болмақ? Ертеңді алыс тан емес, бүгіннен қарауға болады. Бүгін қандай тәрбие берілді, ертең соның жемісін көреміз. Өмірдің негізгі қағидасы – даму. Бүгінгі тәлімді көрген жан оны ертеңге дамыта жеткізбек. Кәміл сеніңіз, кезінде үйінде отырып бала тапты деген ерсі көрінетін еді. Қазір ше? Құлақ әбден үйренді. Бір емес, бірнешеуін үйінде туып, не әкесін, не тегін білмейтін ұрпақты өсіру деміз. Ертең бұл жалғаса берсе отбасы деген дүние болмайды. Бала алдындағы әкелік, шешелік жауапкершілік жоғалады. Тоқ етерін айтқанда, өзін сыйламаушылық, өр көкіректік, тәкаппарлық бала алдында адами борышты жоқ етпек.
Бала – болашақтың берік қабырғасы. Отбасы институтында әке мен шеше бала тәрбиесінің іргетасы. Біреуі өз міндетін жөнді атқармаса, келешектің қабырғасы сөгіледі, тіпті қирайды. Шыны керек, қазір қысқа жіпті күрмеуге келтіре алмай жүрген заман. Қиыннан қиыстыру да аса қиын. «Әлемде тоғызыншы орынды алар жеріміз бар, оның бетінде бір илеу құмырсқа сықылды тарыдай шашылған қазақпыз. Тәрбиеміз табалдырықта еңкілдеп тұр. Бұрынғының кісісі тәрбиесіз берілген білімнің оңдырмайтынын айтыпты. Сондықтан ер тәрбиесі мен «тәйтті» қай тарар уақыт туғандай!
Ерсін ӘЛІБАЙ
17 желтоқсан 2024 ж. 105 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 904

Сұхбат

Мәдениет

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 938

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031