» » «Біздің үйдегі қожайын» немесе ерді сыйлап жүрміз бе?

«Біздің үйдегі қожайын» немесе ерді сыйлап жүрміз бе?

Таңертең қызымды бала бақшаға апарған сайын немересін ала келген атаны жиі жолықтырамын. Қақпа алдында кезіккен кезде кілт тоқтап жол беруші едім. Ол да ылғи үлкендігін танытып «бақытты бол» деп бата беретін. Маған одан артық жылы сөз керек еместей көрінеді сол сәтте. Кейде қарапайым ғана сөздің құдіретін жете тани алмайтынымыз өкінішті. Әсілі жаныңызды әп-сәтте жадыратып салатын да саф алтындай сөзіміз емес пе еді?! Әлгі батадан соң мен де кәдімгідей қуаттанып аламын. Көрген сайын ілтипат білдіргім келіп тұрады. Өз тарапымнан кішілік ізеттілігімді білдірсем, ол кісінің үлкендік көрсеткен жолы ұнайтын. Таңертеңгілік қайталанатын осы бір жайттың астарында алдыңғы буын аға ларды, ер кісіні сыйлай білу деген дүние жатқанын одан әрі ұғына түскендей болдым.
Мұны мен анамнан көп көретінмін. Бала болсам-дағы оның бөтен ортада үнемі әкем нің атын атамай, жәй ғана «Ерекең» болмаса «біздің үйдегі қожайын» дейтіні ерекше әсер сыйлайтын. Сырт көзге әдептілік танытқан сыпайылығын көзбен көріп өстім. Жақында пойызбен ауылға барған едім. Қайтар жолда Шымкенттен құдалықтан келе жатқан оралдық ерлізайыптылармен бірге келдім. Бұрын әңгіме сөзге көп іліге қоймай, өз-өзіммен болатынмын. Бүгінде үлкендердің есті әңгімелерін тыңдауға құмартып тұрамын. Сонда ол кісі де жұбайына қаратылған әрбір сөзде «атасы» деп сызылтып сала берді. Күйеуінің атын атамай, құрмет көрсеткені қандай жақсы. Демек үйде, отының басында ер-азаматқа деген сыйластық алдыңғы орында тұрғаны ғой.
Қазіргі жастар арасында да осы әдетті жалғастырып жатқандары да бар. Қарап қы зығасыз. Бірде өзімнен бірнеше жасы кіші келіншекпен бір жерде кезек күтіп отырғанбыз. Оны-мұны сөз еткен кезде «отағасы» дегенді көп айтты. Міне, ерді сыйлау – шаңырақтан басталатынының айғағы. Жары құрмет көрсетіп тұрса, оны көрген балалар да әкені қадірлеп өспей ме?
Бүгінде елімізде ажырасу фактілері жиі кездеседі. Соның ішінде түсінбестіктен көп шаңы рақ шайқалып та жатыр. Себебі бір-біріне деген сый-құрметі жоқ.
Иә, әр отбасы ерін өзінше сыйлайды. Бірі сен деп сөйлейді, бірі сіз деседі. Атымен атап жататындар да табылады. Бәрінен бұрын сөзімен, ісімен сыйлап жүрсе деген ой ғана біздікі.
Отбасы құндылығы деп көп айтамыз. Сол құндылықтың ішінде құрмет көрсету де бар. Ал біз сол құрметті қалай көрсетіп жүрміз. Қалай ойлайсыз, оқырман?
Ақдидар Алматаева.
25 қараша 2024 ж. 115 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031