» » Гүл сыйлайын деп едім...

Гүл сыйлайын деп едім...

Ол кезде баламыз ғой. Әр жаңа оқу жылын асыға күтеміз. Сондағысы анамыз әперген ақ кофта, қара юбкасын киіп, шашымызға ақ бантик тағып мектепке бару. Оқушылармен, ұстазбен қауышу. Бір ай бұрын алынатын мектеп формасын күнде киіп көреміз. Үйдегілерге күнде киіп көрсетеміз.
Біз солай алқынып жүргенде анамыз көктем-жаз айларында аулаға көптеп гүл егеді. Қыркүйек келіп, жаңа оқу жылына барарда әлгі өзі еккен сан түрлі гүлін жинап, орап, бір құшақ қылып қолымызға ұстатады. Мәз болып мектепке келеміз. Алдымыздан жадырай қарсы алған ұстазымызға жүгіре барып, гүлімізді ұсынамыз. Шіркін-ай, сол сәтте өзімізді бақытты оқушыдай сезінетін едік. Келер жылы анам ауырып ауруханаға түсті. Бұл жолы ұзақ емделді. Сол кезде ауладағы шағын бақ та бос қалды. Ол рас. Әдемі болып жайқала өсетін гүл жоқ. Солай жаңа оқу жылы басталды. Әр жылдың басында құшақ-құшақ гүлмен апайымызды қуантуға асық біздің көңіл су сепкендей басылған. Жоқтан бар жасап, кішкентай дүниені әдемі қылатын анамыз бізден алыста. Ертең жаңа оқу күні. Балалар мәз болып дайындалу үстінде. Ал мен болсам арам шөп қаптаған баққа қарап құлазып отырмын. Сірә, осы күйімді көрген әжем уайымдаса керек. Көршілердің үйін аралап, әр ауладан екі-үш тал гүлден жинап келіпті. Солай үлкен құшақ гүл жинап қолыма ұстатты. Қуаныштан ытқып аққан жас тоқтар емес. Солай алқына ұшып мектепке жеттім. Ұстазыма гүл сыйлап, мәре-сәре болып жатырмыз. Сол кездегі бұлқынған жүректің дүрсілін ешкім естімеген еді. Бірақ көз жанардан-ақ бақытты оқушының ұстазымен қауышуын, оған деген құрметін анық байқауға болатын еді.
Соңғы кезде ұстазға гүл сыйлау жайында керағар пікір көбейді. Бірі – ілтипаттың белгісі десе, енді бірі – сыбайлас жемқорлықтың нақ өзі деді. Сонда оқушы мен ұстаз арасындағы байланыс, бір-біріне деген құрмет жемқорлыққа әкеледі ме? Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осы тектес сауалдарға жауап берген еді. Бұл туралы ол КТК телеарнасында Артур Платоновқа берген сұқбаты барысында айтқан болатын. «Мұғалімге гүл сыйлау сыбайлас жемқорлық болып саналады. Біреу болмаса, басқасы дәл осылай ойлай бастайды. Дегенмен біз бұл жемқорлық деп ойламаймыз. Сондықтан ненің жемқорлық екенін, ненің жемқорлық емес екенін нақты білу қажет. Бала бірінші сыныпқа барып, мұғаліміне гүл сыйласа, бұл – жемқорлық емес» деп жау­ап берді министр.
Бүгін 25 мамыр. Оқу жылының соңғы күні. Қолына бір құшақ гүл ұстап, соңғы қоңырауға асыққан оқушылар. Бір-бірімен қимай қоштасқан ұстаз бен бала. Құрметін білдірген оқушы апайына қызылды-жасылды гүл сыйлап, мәз болуда. Ғажап көрініс емес пе?
Айнұр ӘЛИ
25 мамыр 2021 ж. 688 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031